Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық ал қызыл түсті заттар үшін 1,5 млн доллар жұмсаған

Калифорния штатының тұрғыны айналасының барлығын ал қызыл түсті заттарға толтыру үшін 1,5 миллион доллар жұмсаған.

pic_3bb008bac2ec979becb93b781c88b900

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Киттен Кей Сера есімді келіншек соңғы 35 жыл бойы тек ғана ал қызыл түсті киім киіп, дәл сондай түстегі аксессуарларды қолданып келеді. Сондай-ақ, 52 жастағы әйел өз үйінде сүйікті түсіне бояп тастаған. Тіпті итінің жүні де сол түсте.

pic_26d4a877a337e83fe915c8af9892d707

“Мен ал қызыл түсті қатты жақсы көремін. Мен ол түске өмірімді арнадым”, – дейді Сера.

Голливудта тұратын әйелдің сөзінше, ол Пэрис Хилтон, Руби Роуз, Эллен фон Унверт және Бейонсе секілді жұлдыздармен бірге фотосессияларға да қатысады екен. Ол да ән айтып, тіпті өзінің жеке альбомын жазып жатыр екен. Америкалық сонымен қатар, балаларға арналған кітап жазуға да құлшына кірісіп кеткен.

2016 жылы сәуір айында әйелдің шашын ал қызыл алтын түстес бояуға малындырғаны жаңа тренд ретінде танымалдылық жинай бастаған. Әлеуметтік желілерде осыған ұқсас суреттер де көп пайда болып жүздеген лайк жинай бастайды. Трендті кәсіби стилистер мен дизайнерлер де қолдап жатыр.

Талқылау