Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық актер Эдди Мерфидің тоғызыншы баласы өмірге келді

Америкалық актер Эдди Мерфидің тоғызыншы баласы дүниеге келді. 3 мамыр күні Лос-Анджелес қаласында өмірге келген сәбиге Иззи Уна Мерфи деген есім берілген.

120512-celebs-eddie-murphy

Сурет wazzzup.tv

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Сәбидің салмағы – 3,6 келі болса, бойы – 49,5 сантиметр болған. Иззидің анасы Пейдж Бутчер өзін жақсы сезінетінін айтқан.

55 жастағы актердің бұрынғы әйелі Николь Митчелден 5 баласы бар. Сондай-ақ, Полетт Маккнили мен Тамара Гуд те актерге бір-бір ұлдан туып берген. Ал әнші Мелана Браун актерге бір қыз сыйлаған. Мерфидің ең үлкен баласының жасы 26-да, ал ең кішісі (Иззиді қоспағанда) – 9-да.

Эдии Мерфи “Беверли-Хиллздағы полицей”, “Доктор Дулиттл”, “Алтын бала” фильмдерімен және “Шрек” (есекті дыбыстаған) мультфильмі арқылы жақсы таныс. Сонымен қатар, актер музыкамен де айналысып, альбомдар шығарады.

Талқылау