Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық 30 долларға тоңазытқышты ішіндегі мәйітпен қоса сатып алған

 

Солтүстік Каролина штатының тұрғыны көршісінен 30 долларға сатып алған тоңазытқыштың ішінен қарт әйелдің мәйітін тауып алған. Бұл туралы  NBC News басылымы жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

әйел

Бұл туралы Lenta.ru  сайты жазды

Америкалық әйел мұздатқышты мамыр айында сатып алғанын айтады. сатқан әйел өз көршісіне  ішінде шіркеуге қажетті бірнеше заттың барын ескерткен. Сондай-ақ, оны  жақын маңдағы шіркеу қызметкерлері бірнеше күн ішінде алып кетеді деген. Дегенмен үш апта бойы затты алуға ешкім келмеген. Әйел оның ішінде не барын өзі көрмекші болып мұздатқыштың есігін ашқан кезде талып қала жаздаған.

«Мен шошып кеттім. Сонда да екінші мәрте мұздатқышты ашып көрдім, жүрегім жарылып кете жаздады. Үйден қашып шығып 911 номеріне хабарластым»,-дейді мұздатқыштың жаңа иесі.

Полиция қызметкерлері  мәйітті тексеріп әйелдің азапталмағанын, бөлшектелмегені жайлы айтқан. Сараптама қорытындысы кәрі әйел қартайғандықтан өз ажалымен көз жұмғанын айтқан. Полиция адам өлімін хабарламау фактісі бойынша іс қозғады.

Мұздатқышты сатып алған әйел көршісі өзіне тауарымен қоса анасының мәйітін сатып жібергеніне сенімді. WNCN-нің хабарлауынша әйел өз қызымен бірнеше жылдан бері бірге тұрған. Қыркүйек айынан бері зейнеткер көрінбей қалған. Әйелдің көршісі  сауда жасап болғаннан кейін Вирджинияға көшіп баратынын, онда қарттар үйіндегі анасына қарайтынын айтқан.

 

 

Талқылау