Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық 13 келі болатын жайын балықты қолмен ұстап алды (фото, видео)

Алабама штатындағы Креншо округінде тұратын 19 жастағы Ханна Баррон әлеуметтік желідегі парақшасында 13 келі болатын балықты ұстап алғанын жария етті.

44c1807e977fe9

Ханна балық аулаумен төрт жылдан бері айналысады екен. Балықты жалаңаш қолмен ұстап алу АҚШ-тың оңтүстік штаттарында ерекше танымал. Көп ретте мұндай әдіспен жәй қимылдайтын әрі өзен, көлдерден кездесетін жайын балығын ұстайды.

Балық аулау кезінде бұл балықтың ішіне қолды кіргізіп ұстау қажет. Бірақ, кейбіреулерінің салмағы 30 келіге дейін жететіндіктен балықшының қасында міндетті түрде көмекші болғаны дұрыс.

d07b8c17a0eadc

Мұндай тәуекелге барған сәтте адам екі жағдайда жарақат алуы мүмкін: Бірі балықтың тісі адам қолына батып кетсе, екінші ретте балық ішіндегі майда паразиттерден инфекция тарау қаупі бар.

fe7fec20f846b0

Балқыт жалаңаш қолмен ұстау әдісінің танымалдылығы сонша, мұндай әрекет жасаудан АҚШ-та тіпті арнайы чемпионат та өткізіледі.

#GetBit #grappling

Видео опубликовано Hannah Barron (@hannahbarron96)

Талқылау