Америкадағы кедейлер қалай өмір сүреді? (фото)

Бейсенбі, 15 Қыркүйек , 2016 13:54

Дания фотографы Иоахим Эскильдсен Америкаға саяхаттап, ондағы тағдырлары аянышты адамдарды суретке түсірген. Кейін бұл суреттер оның кітабына да арқау болды.

nz1.ru_14737662074

АҚШ-та әрбір адам жетінші адам кедейлікте өмір кешеді. 7 ай ішінде Иоахимм Нью-Йорк, Калифорния, Луизиана, Оңтүстік Дакота мен Джорджияға барып жетіспеушілік жағдайында өмір сүріп жатқан адамдармен танысқан.

nz1.ru_14737662031

Терри Фицпатрик Джорджия штатындағы Афины қаласында өзінің қызымен бірге шатыр тігіп, сауда үйінің жанында ғұмыр кешіп жатыр.

nz1.ru_14737662042

Кейт болса әкесінің балаларына зорлық көрсеткеніне шыдамай анасына қайтып келген. Ол жүкті кезінде үйі өртеніп, барлық заттары жанып кеткен. Төтенше жағдайлар жөніндегі федералды агенттік кедейлердің баспана мәселесін шешу үшін оларға тіркемелер таратады.

nz1.ru_14737662063

Оны мүгедек еткен жарақаттан кейін дәрігер Дарлин Розас қызметін жалғастыра алмаған. Енді Оңтүстік Дакотадағы су құбыры жоқ лашықта күн кешуде. Мүгедектігі үшін алатын 800 долларға өзі мен екі баласын асырайды.

nz1.ru_14737662074

Рональд Мейджор да алапат дауылдан соң үйінен айырылып қалған. Қазір ол Нью-Орлеандағы көпір астында күнелтіп жүр. Сондай-ақ, апта сайын тамақ тарататын еріктілердің жәрдемін де пайдаланады.

nz1.ru_14737662095

Фрэнк пен Джессика Уайтхилдар кепілге қойған үйлерінен айырылған. Үш ұлы бар ата-ана басқа үйге көшуді жоспарлағанымен, билік өкілдері олардың дүние-мүліктерін үй алдындағы шалғынға тастай салып, үй бермеген.

nz1.ru_14737662106

Алина Арнесен мен оның жиен сіңлісі Элизабет Луизианада түрады. Алинаның әкесі балық аулау кәсібімен айналысады. Бірақ, 2010 жылы өзенге мұнай төгілгеннен кейін өнім төмендеп кетті. “Билік бәрі дұрыс, реттейміз деп уәде беріп келеді. Ал менің күйеуім болса әлі күнге қара қоймалжың затқа былғанған балықтарды аулап жүр”, – дейді Алинаның анасы Киндра.

nz1.ru_14737662127

Квинтавиус Скоттың ата-анасы ажырасып кетсе де, бала тәрбиесіне бірге көңіл бөліп келе жатыр. Баланың әкесі Квинтон ұлын қанша жоғары бағаласа да, ол нәсілшілдіктің құрбаны болып кетер ме деп алаңдайды.

nz1.ru_14737662138

Спирит Грасс әке-шешесімен бірге Оңтүстік Дакотада 3500 долларға өмір сүруде. Анасы жұмыссыз. Әскери ардагер. Ал әкесі үйден 65 шақырым қашықтықта жұмыс істейді. Грасс колледжегі баскетбол степендиясы жарқын болашағына жол ашады деп үміттенеді.

nz1.ru_14737662149

Марла және Даррен Самнерлер бірге архитектор және дизайнер болып еңбек еткен. Алайда 2008 жылы жұмыстарынан қысқарып қалады.

nz1.ru_147376621610

Хавьер Эрнандес пен Альбино Лопес жұмысшы мигранттар. 1970 жылдары Мексикадан келген олар таң бозынан жұмысқа араласып, күніне сегіз сағаттан еңбек еткен. Олар қыста Аляскаға кетіп, балық аулаумен айналысады.

nz1.ru_147376621711

Фелисио Огбодоны (сол жақта) әлеуметтік жұмысшы қызметінен алып тастаған: “Мен магистрлік білімнің дипломымен ешқашан жұмыссыз қаламын деп ойламаушы едім. Бұл өте ыңғайсыз жағдай болды” дейді ол.

nz1.ru_147376621912

Эри тегін тамақ алу үшін үш шақырым жол жүріп Файербо қаласына келеді. Баланың отбасына түсетін табыс аптасына 350 доллар, ал жылына 18 200 доллар.

nz1.ru_147376622214

Джеймс және Диан Кинли Джорджия штатында тұрады. Джеймс жүрек ауруы мазалағаннан кейін ол жұмысынан кетуге мәжбүр болған. Енді олар Дианның да денсаулығына алаңдаулы. Егер ол да жұмыстан шықса жағдайлары қиындай түспек.

nz1.ru_147376622315

Иоланда Родригес Фресно қаласында лашықта өмір сүреді. Бұл жерде қаңғыбастар мен қылмыскерлер өте көп. Диабеттің кесірінен ол аяғындағы бір саусағынан айырылған. Бірақ, қоғамдық ұйымдар оны тегін тамақ және тазалық мүмкіндігімен қамтамасыз етуге тырысуда.

Оқи отырыңыздар:

Ата-анасы қызын ешқандай ота жасатпай-ақ Барби қуыршағы образында өсірген (фото)

14 баланың анасы стриптиз көрсетіп, порно фильмдерге түскеніне өкінеді (фото)

Ғалымдар 5 шақырым жер астындағы таң қаларлық патшалық әлемін ашты (фото)

Әлемдегі ең қауіпті төбеттер ондығы (фото)

Арман Қоңырбаев пен Аша Матайтың эксклюзивті фотосессиясы

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Рази says:

    Шет елді қайтесіңдер өз елімізді жетістіріп алайықта

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар