Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкадағы алапат дауылдың ортасында Қазақстанның 3 студенті қалып қойды

Нью-Йоркте оқитын қыз-жігіттер Флорида штатына қыдырып барған екен. Табиғи апаттан құтқарылған отандастарымыз бір тәуліктен бері Майами әуежайында отыр деп хабарлады КТК.

hurricane2_700

Фото : interfax.ru

Қазір еліміздің Сыртқы Істер министрлігі жерлестерімізге көмек беру жайы мен зардап шегушілердің арасында басқа да азаматтарымыздың бар-жоқтығын дереу тексеруге кірісті.

“Әуежай босап қалды. Көп ешкім жоқ. Бірақ қауіпсіз жердеміз. Далада нөсерлетіп жаңбыр жауып тұрғаны естіледі. Жел де қатты”, – деді олар.

Шыңғыс, Данияр мен Әлима Флоридадан Нью-Иоркке ұшқалы тұрған жерінде “Мэтью” дауылына тап болыпты. Қазір 3 қазақ студенті әуежайды паналап отыр. Оларға ыстық тамақ беріліп, бірнеше сағатта Нью-Иоркке жетесіңдер деп уәде етілген. Ал жылдамдығы сағатына 250 шақырымға жететін жел жолындағысының бәрін жайпап жатыр.

Соңғы 9 жылда болмаған дауыл Кариб бассейніндегі елдерді аяп жатқан жоқ. Әсіресе, онсызда кедей мемлекет Гаитиде табиғаттың тосын мінезінен қаза тапқандап саны 400-ге жуықтады. Теңіз арнасынан асқандықтан төңіректі су басып мыңдаған ғимарат жермен-жексен болған. Құтқарушылар жараланғандарды үйінде астынан шығарып үлгере алар емес. Сол “Мэтью” дауылы АҚШ-қа да жетті. Миллиондаған халық қауіпсіз жерге көшіріліп тіпті АҚШ президенті Флорида және Оңтүстік Каролина штаттарында төтенше жағдай жариялады

Талқылау