Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкада жоғалып кеткен студенттің отбасы «Болашақ» басшыларын өтірік ақпар берді деп айыптады

Еліковтер отбасы жоғалған ұлдарының табылғаны туралы ақпаратты жалған деп отыр. Өйткені «оны таптық» дегендердің бірде-бір мәліметі сол күйі расталмапты. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Bezymyannyy-19-620x345

Ұлдарының аман-есендігі туралы естіп қуанған ата-ананың көңілі көп ұзамай қайтадан күпті боп қалған. Өйткені оны тапқандар ұсынған ұялы нөмірге жігіт әлі жауап бермей жатыр екен.

Тіпті Ержанды Нью-Йоркте көрдік деген куәгерлер де әке-шешесімен байланысқа шықпаған көрінеді. Сондықтан оның табылғаны туралы ақпарат күмән тудырған. Адвокаттың айтуынша, «Болашақ» басшылары берген басқа да мәліметтер де сол күйі расталмапты.

“Ешқандай мәлімет расталмады. «Болашақ» бағдарламасы берген телефон нөміріне қоңырау бармай жатыр. Білім министрлігінен хат келген. Бірақ ол хатта да Ержан Еліков жайлы нақты мәліметтер жоқ. Іздеуді әлі де жалғастырамыз”, – деді адвокат Қалтай Қалиақбаров.

Бұған дейін Халықаралық бағдарламалар орталығы Ержанның АҚШ-тан аман-есен табылғандығын хабарлаған болатын.

Бұған дейін қазақстандық студенттің із-түссіз жоғалып кеткені хабарланған еді.

Еске сала кетсек, Өскемен тұрғыны 5 жыл бұрын Пенсильвания штатында жоғалып кеткен. Ол “Болашақ” бағдарламасы аясында биотехнология және гендік инженерия факультетінде білім алған. Қазір жоғалған студентті іздеуге Қазақстанның сыртқы істер министрлігі кірісті.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда көз жұмған қыздың ата-анасы: Біз дәрігерлерге баланы емханаға жатқызыңдар деп жалындық

Қысқа белдемшемен жүріп арақ ішкен. Мусинованың ісі бойынша айыпталғандардың туыстары ТВ-ға шықты

ОҚО-да 19 жастағы жігіт мүгедектігіне қарамастан жеке бизнесін жүргізіп отыр

Қайырымды жастар 12 млн жинап берген Жәнелдің отасы сәтті өтті

Талқылау