Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкада мейрамханаға барған әйел моллюска ішінен жақұт тауып алды

Америкалық Линдсей Хасц есімді әйел күйеуімен бірге Montalcino Ristorante Italiano италиялық асханаға барады. Кешкі асқа ұлудан жасалған тағам алып жеген әйел табиғатта сирек кездесетін асыл тас тауып алған.

1366884009

Сурет massaget.kz

Әйел алдымен тамақ жеп отырып тісіне тиген қатты затты бөлек алып қояды. Кейін де мән бермей оны қағазға орап салып алып үйіне кете барған. Ал үйіне келіп ашып қарағанда бұл жақұттың тек теңіз түбінен ғана табылатын, аса қымбат тас екенін байқайды.

Геологиялық зертхана қызметкерлерінің айтуынша мұндай жақұттар нарықта 600 доллардан кем саудаланбайды екен. Демек, бұл тасты да сәндік әшекейлер қатарына жатқыза аламыз.

Талқылау