Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкада Қазақстан туралы кітап шығады

АҚШ-та Қазақстандағы 30-шы жылдардағы ашаршылық жайлы кітап шығады. Бұл туралы ҚР Президентінің мұрағатында өткен конференциясында америкалық зерттеуші Мария Блэквуд мәлімдеді.

image

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Сіздерің мұрағаттарыңыз негізінде жазылған, таяуда жарық көрген ағылшын және неміс тіліндегі  бірнеше жаңа кітаптар бар. Аштық жайында жазылған кітап Германияда жазылды, АҚШ-тағы тарихшы Сара Кэмеронның кітабы биыл шығады. Екі автордың да тақырыбы Қазақстандағы аштықты қамтиды, олар көптеген қызықты материалдар тауыпты”, – деді ол.

Мария Блэквудтің айтуынша,   қазір ол өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы алғашқы қазақ большевиктері жайлы диссертация жазу үстінде. Оның дипломдық жұмысының тақырыбы алашордалықтарға арналған.

“Ғалымдардың қызығушылығы мен назарын Қазақстан тарихына аудару өте жеңіл. Себебі ол өте қызықты. Мен Алматыда, Мәскеуде мұрағатта жұмыс істедім. Оларда Кеңес одағының орталық мұрағаттары бар – сәл басқаша, алайда ол Қазақстанмен байланысты материалдар”, – деді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Бас прокурор қарамағындағыларға менеджмент туралы кітап оқуға кеңес берді

Ұрлық істеген ұлын ата-анасы шатырға қондырып, 5 кітап оқуды міндеттеді

200-ден аса баланы зорлады деп айыпталған азамат педофилдерге арналған ереже кітап жазған

Қараңғыда кітап оқығаннан бала көзінің көруі нашарлай ма?

Талқылау