Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкада ит жүргізген жүк көлігі апатқа ұшырады

АҚШ-тың Миннесота штатындағы Манкейто қаласында ит тізгіндеген жүк көлігі жол апатына ұшырады.

d0b701d575c2db5e7b93efca968a3315

Сурет: auto.onliner.by 

Бұл туралы жергілікті тілшілерге оқиға куәгері болған Мэри Брэйс айтып берген.

Куәгердің айтуынша, ішінде адамы жоқ жүк көлігі алдымен жеңіл машинаны сосын ағашты соққан. Одан кейін көліктің терезесінен ит көрінген. Әйел оқиғаны суретке түсіріп, Fox9 телеарнасына ұсынған.

Брэйстің әңгімесін полиция да растады. Олар жүк көлігінің жүргізушісі дүкенге кіріп, қозғалтқышты өшіруді ұмытып кеткен болуы керек деп отыр. Полицияның айтуынша, ит дін аман. Ал оның иесіне ешқандай айыппұл салынған жоқ.

Талқылау