Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкада 2-дүниежүзілік соғыс кезіндегі ұшақ құлады

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шығарылған жеңіл моторлы ұшақ нью-Йорк қаласына жақын жердегі Гудзон өзеніне құлады.

image

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Құтқарушылар судан бір адамды аман алып шықты. Бортта қанша адам болғаны әлі белгісіз. Сондықтан қазіргі уақытта сүңгуірлер ұшақтағы болуы мүмкін басқа адамдарды іздестіруде.

Елдің авиация саласы өкілдерінің айтуынша, апатқа ұшыраған P-47 Thunderbolt ұшағы. Ол тағы екі ұшақпен бірге  Нью-Йорк штатының Фармингдэйл қаласы әуежайынан ұшып шыққан. Ал екі ұшақ жерге аман-есен қоған.

Ұшақтың неліктен апатқа ұшырағанын құтқарушылар мен полицейлер айта алмай отыр.

Талқылау