Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 күндік сәбилерін егеуқұйрыққа талатып қойған ата-ана ұсталды

Америкада 15 күндік сәбилерін егеуқұйрыққа талатқан жас ата-ана ұсталды.

giant-rats

Бұл туралы WKBN телеарнасы хабарлайды.

Дәрігерлер нәрестенің денесінен 100-ге жуық жарақат тапқан. Басында ұзындығы 2,5 сантиметр болатын жара пайда болыпты. Тіпті сүйегі көрініп тұрған. Дәрігерлер сәбиге пластикалық операция жасап, жараны тіккен.

Кейін полиция 19 жастағы Эрик Шрайок пен 18 жастағы Чарльз Эллиоттаны ұстайды. Шрайоктың айтуынша ол баланы таңғы сағат 05:30-да төсегінің қасындағы кереуетке жатқызған, ал екі сағаттан соң оны қатты айғайлап жылағанынан оянып кетіпті.

Төменге қарап, қан-қан болып жатқан сәбиді көреді. Осылай деген әкесі де сәбидің кереуетінен егеуқұйрық іздерін көрдім депті. Мамандардың айтуынша нәрестенің денесіндегі жаралар аз уақытта ғана пайда болған жара емес, ол бірнеше сағат бойғы жараланудың нәтижесінде осындай жағдайға жеткізіп отыр. Ал бұл уақыт бойы жас ата-ана үйде болмаған немесе шындықты айтудан жалтарып отыр.

Ерлі-зайыптылар үйлерінде тышқан мен егеуқұйрықтар бар екенін білсе де, оларды құртуға еш әрекет жасамапты.

Оқи отырыңыз:

Әйелі өзінің күйеуі мен оның көңілдесін көлігімен соқты

Көпқабатты үйде газ жарылып, бір бөлігі опырылып құлады (видео)

Қазақстандық студент қытайлықтар үшін 5 литр қан тапсырды

Араб Әмірлігі бизнесмені елімізге деген құрметпен қазақстандықтардың 50 мың доллар қарызын кешірді

Талқылау