Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері теңге ең жоғарғы шекке дейін өсті

Америка валютасы осы жылы алғаш рет ең төменгі шекке дейін арзандады. KASE сауда нәтижесі бойынша курс 332 теңге 51 тиынды құраған.

c59d86fdd6de0429f00b4a50fd20bc51

Сурет vrk.news

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Сәйкесінше мұнай бағасы өсті. Қара алтын құны барреліне 46 долларға қымбаттап шыға келді. Әлемдік биржадағы осынау жаңалық көпшілікті таңқалдырып отыр. Дохадағы мұнай эскпорттаушы елдер жүргізген келіссөзден соң, бірқатар сарапшылар шикізат өз құнын жоғалтады деген болатын. Бірақ, мұнай бағасы керісінше белсенді түрде өсе бастады.

“Бұл АҚШ-та мұнай өндіруші платформа саны қысқарып жатқандығының белгісі”, – дейді “Альпари” сараптама департаментінің директоры Наталья Мильчакова.

Әйтсе де, баррел бағамының өсуі уақытша болуы да мүмкін.

“Әзірге осылай ауытқушылық орын алады. Бірақ, негізі ол құлдырауы керек, өйткені жазғы демалыс уақыты жақындап қалды. Мұнай тұтынудың жаз уақытында төмендейтін әдеті. Десе де өндіру көлемі азаймауы тиіс. Демек, жаз факторы да рөл ойнап, мұнай бағасы қайта құлдырауы мүмкін”, – деді “Brv Invest” директоры Ғалым Құсайынов.

“Егер ОПЕК елдері тарапынан мейлінше ыңғайлы қадамдар жасалса, онда мұнай бағасының өсуін көруге болушы еді. Бұл өз кезегінде әлемдік экономикадағы келеңсіздектерді болдырмас еді”, – дейді Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Джек Стро.

Әлемдік мұнай бағасына қатысты пікірлер қашанда екіге жарылады. Бір сарапшылар барреліне 40 долларға дейін төмендейді десе, біреулері алдағы үш айда 50-60-қа дейін артып кетеді деп болжап отыр.

Талқылау