Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америка абақтысында отырған қазақстандық түрме командасын футболдан чемпион еткен

Бостондағы жарылысқа қатысы бар деп ұсталып, түрмеде жазасын өтеген қазақстандық Азамат Тәжаяқов абақтыда отырып футбол командасын баптаған.

ымым

Бұл туралы “Астана” телеарнасы хабарлайды.

Телеарнаға Азаматтың әкесі Әмір Исмағұлов сұхбат берген.

Атырауға оралғаннан кейін Азамат жергілікті университеттердің біріне оқуға түсіп, мұнайшы мамандығын игеріп жатыр екен.

“Туыстарым да, ағаларым да оның басқа жерде білім алуына қарсы болды. Сол себепті Қазақстанды таңдадық. Бір жағынан қауіпсіз, екінші жағынан көз алдымызда жүреді. Ол түрмеде өз жазасын лайықты өтеді. Сол жердегі футбол командасына бапкерлік жасап, 2015 жылы чемпиондық атаққа да қол жеткізген. Ол жерде 70 пайыз мексикалықтар үнемі Азаматты қолдапты. Түрмеде отырған 1500 адамның 800-і мұсылмандар, олар да Азаматқа қолдау білдірген”, – дейді әкесі.

Азамат Тәжаяқов “Царнаев ісі” бойынша АҚШ-та жазасын өтеп жатқан Диас Қыдырбаевпен де араласып тұрады екен.

“Диас e-mail арқылы хат жазысып тұрады. Ол өзін жақсы сезінеді. Біз сотта бұл балдардың терроризмге еш қатысы жоқ екенін дәлелдеп шықтық”, – деді Әмір Исмағұлов.

Бостондағы марафон кезінде болған жарылысқа байланысты қазақстандық Диас Қыдырбаев пен Азамат Тәжаяқовты ұстап жауапқа тартқан болатын. Оларға террористпен жақын араласты деп айып тағылған. Оларға әу баста 25 жыл жаза кесілгенімен, соңында Диас алты, Азамат үш жыл жазамен шектелді.

Оқи отырыңыздар:

Алматы облысында жоғалған үш ағайынды жігіт өлі күйінде табылды

Ұзынағашта өлтірілген ағайындылардың артында 9 бала жетім қалды

Жоғалған алматылық оқушы Шымкенттен табылды

Талқылау