Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Аманжол Рысмендиев өз ісінде алда болудың құпиясын айтты

Халықаралық деңгейдегі бизнес-тренер Аманжол Рысмендиев 10 жылдан бері  кәсіпке байланысты түрлі семинарлар, тренингтер өткізіп жүр. Алайда, жақсылықты бағаламайтын халқына ренжулі тренер алдағы уақытта бұндай семинар-тренингтер өткізбейтінін, өткізсе де қарапайым халыққа емес, кәсіптің мән-жайын түсінетін адамдарға өтетінін айтып отыр. Ал, наурыздың 15-і күні "Өз ісіңде алда бол" атты семинар-тренингінде не айтылды? Өз кәсібіңізде алда болу үшін не істеу керек деген сынды сұрақтарға Stan.kz тілшісі жауап береді.  

Аманжол рысмендиев өз ісіңде алда болудың құпиясын айтты

Ең әуелі "бизнес деген не?" деген сұраққа  "өзгеге пайдалы бола отырып, өзіңе пайда әкелу" деп түсіндірген Аманжол Рысмендиев бизнесте жетік білу керек екі дүниені атады. Олар: маркетинг пен менеджмент. Осы екі саланы жетік меңгерген адам ғана нағыз бизнесмен (кәсіпкер) бола алады деді.

"Өзгені жеңген адам-мықты, өзін жеңген адам-жеңімпаз" деген А.Рысмендиев өз ісінде алда болу үшін алдымен өзіңді жеңуді, өзіңнің кемшілігіңді түзеуді, бойыңдағы кертартпа мінездерді жоюды айтты. Себебі, сапасыз лидер- сапасыз кадр. Демек, жұмысыңыздың сапалы әрі өтімді болуы, командадағы ауыз-бірлік пен табысты жұмыс тікелей сіздің қарым-қабілетіңізге байланысты. 

Аманжол рысмендиев өз ісіңде алда болудың құпиясын айтты

Сондай-ақ, нағыз көшбасшының бойында паразиттік ойдың болмауы және қырандай самғауы маңызды. Паразиттің кім екенін аз шығынмен, көп пайда тапқысы келетін, біреудің есебінен күн көретін төменойлы, пасық адам деп түсіндірді. Ал қыран неғұрлым жоғары қалықтаған сайын, аяқтан шалғысы келетін арам ниетті адамдардан қашықта, биікте болады. 

Өз ісіңде лидер болу үшін төмендегі ұстанымарды ескеру керек:
-адамдардан тек жақсылық көре білу;
-өмірге шынайы қарау;
-аз ұйқыны әдетке айналдыру;
- "мен білемін" деген тәкаппарлықтан арылу;
-жүректі тарылтпау, жомарт болу;
-көпшіл болып, айналаңды доспен қоршау;
-судың икемділік қасиетін бойға сіңдіру, т.б.

Аманжол рысмендиев өз ісіңде алда болудың құпиясын айтты

Семинар соңында аз уақыт көлемінде өз кәсібін дөңгелетіп әкеткен кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Таңнан қара кешке дейін созылған семинар теңіздей телегей мол энергия мен мотивацияға толы болды. Келген жұрттың көзіне от жаға білген Аманжол Рысмендиев алдағы жоспарлары туралы да бөлісуді ұмытпады. Алдағы уақытта Ресейлік және ТМД аудиторияларында тренингтер өткізіп, әлемдік бестселлер болатын "Көшбасшылық құпиясы" атты кітабын 4 тілде шығаруды көздеп отырғанын, енді тренинг өткізуді азайтып, саясатқа араласуы мүмкін екендігін де айтты. 

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр