Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Амангелді Таспихов ресми түрде Қазақстан президенттігіне үміткер атанды

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Амангелді Таспихов 2019 жылы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына түсетін үміткерлер қатарына тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ОСК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Таспихов ресми түрде президенттікке үміткер атанды

Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 27 сәуірдегі № 19/251 қаулысымен президенттікке үміткер Амангелді Таспиховтың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігі анықталды және азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді.

2019 жылғы 25 сәуірде «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі Орталық сайлау комиссиясына ҚР президенттігіне үміткер ретінде Амангелді Таспиховтың құжаттарын ұсынды.

Осы хаттамаларға сәйкес, президенттікке үміткер Амангелді Таспиховты қолдап Қазақстанның барлық 15 өңірінен (Алматы және Шымкент қ. басқа) 122 770 азаматтың қолы жиналды, олардың 119 577-і рас деп танылды.

«Амангелді Таспиховты президенттікке үмімткер ретінде тіркеуге қажетті барлық құжаттар ОСК-ға ұсынылды және оларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді. «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған кезектен тыс президент сайлауында Амангелді Таспиховты үміткер ретінде тіркеу туралы» қаулы қабылданды», - делінеді хабарламада.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр