Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Амандық Баталов бес бірдей ауданның басшысына қатаң ескерту жасады

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бес бірдей ауданның басшысына қатаң ескерту жасады. Берілген тапсырма уақытында орындалмаса, әкімдерді қызметінен босатамын деп қадап айтты.

maxresdefault

Сурет youtube.com

Бұл турал 31 арна хабарлайды.

Сондай-ақ саны жағынан көбейген түрлі өнер ұжымдары қысқартылуы мүмкін.

2015 жылы Алматы облысының жалпы ішкі өнімі 450 миллиард теңгені құрап отыр. Алайда, өңір басшысы кей әкімдердің жұмыстарын сынға алды. Мәселен, аудандарды тең дәрежеде дамыту Елбасының тапсырмасы болатын. Осы мақсатта шағын өнеркәсіп алаңдарын құру міндеті қойылған еді. Бұл істі орындамай, тек жер телімдерін берумен шектелген Сарқан, Балқаш, Кербұлақ, Ақсу, Райымбек аудандарының әкімдеріне қатаң ескерту жасады.

“Бір жарым жыл болды айтқаныма. Кейбіреулері істейді. Кейбіреулері жәйдан-жәй қарап жүреді. Неге ондай болу керек. Жерді бөліп, инвесторларды шақырып, сол жерге көмек көрсетпегеннің арқасында салық түсімі, инвестиция көрсеткіштерінің бәрі төмен. Біз қарап отырмаймыз. Ол істемесе басқа адам істейді. Шара қолданамыз”, – деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Өңірдің негізгі локомативі – ауылшаруашылық саласы. Бұл жерде ауызтолтырып айтатын жайт, қант қызылшасының қайта жаңғырғаны. 4 мың гектар жерге тәтті түбір себіліп, 120 мың тоннадан астам өнім қабылданды. Ендігі міндет қант қызылшасы алқабын ұлғайту. Ақсу ауданында қаңырап тұрған қант зауытының жұмысына қайта қан жүгірту. Жалпы есептік жиын бір жақты әкім баяндамасымен шектелмеді.

Қарасай ауданында жылдан жылға қан тамырлары ауруынан өлім көрсеткіші өсіп келеді. Бұған бірден бір себеп бізде арнайы орталықтың болмауы. Біз науқастарды екі жарым, үш сағаттық жерге демек орталықтарға тасимыз. Сондықтан бізге нейрокардиохирургиялық орталық салып беріңізді сұраймыз.

Бұл көкейкесті мәселе өз шешімін табатын болды. Сондай-ақ жиында өңір басшысы Амандық Баталов әкімдерге қатаң ескерту жасады. Әкімдік жанынан түрлі ансамблдер демек, «Талдықорған әуендері», «Жаркент әуендері» сынды өнер ұжымдарын құруды тоқтату керек деп ескертті. Яғни, сан емес сапаға жұмыс жасауға шақырды.

Талқылау