Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Амандасуға жарамады: Жүрсін Ерман Швейцарияда Әблязовты көріп қалғанын айтты

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман Швейцарияда Мұхтар Әблязовты көріп қалғанын айтты, деп жазады Stan.kz.

Амандасуға жарамады: Жүрсін Ерман Швейцарияда Әблязовты көріп қалғанын айтты

Жүрсін Ерман Әблязовтың өзімен амандаспай, жанынан өте шыққанына ашуланды.

“Кеше кешкісін Бақытжамал екеуміз Швейцарияның шағын бір қаласында серуенге шықтық. Көшеде жан жоқ, кенет қарсы алдымыздан Мұхтар Әблязов шыға келді

– Ей, Әблязовсың ба? – дедім тоқтап. Ол танымайтын, білмейтін, естімейтін адамдай жүрісін жылдамдатып өте шықты.

Оппозиция серкесі болғаныңды ұрайын. Жат жерде жолыққан бір қазақпен амандасуға жарамаған бұл қашақ кімге тұлға болғандай? Осы жүрісінде не мағына бар!? Алаш көсемдерінен садаға кетсін!”, – деп жазады Жүрсін Ерман желідегі парақшасында.

Айта кетейік, қашқында жүрген Мұхтар Әблязовты банкир Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырды деп күдіктеліп отыр. ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, Мұхтар Әблязов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін «шыны королі» Мұратхан Тоқмәди Тәтішевті өлтіргенін мойындаған еді. Өз кезегінде ол Әблязовтың тапсырмасын орындағанын айтты. Ол биылғы жылдың наурыз айында 10 жарым жылға сотталды. Тоқмәди жазасын айрықша тәртіптегі түрмеде өтеп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау