Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Аманат» фильмі «Оскар» киносыйлығына ұсынылады

«Аманат» фильмі «Оскар» кинопремиясына ұсынылады.

 

аманат

Бұл туралы  egemen.kz. сайты хабарлайды.

Қазір «Аманнатты» америкалық киносыйлыққа ұсыну үшін ағылшын тіліне аудару жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл фильм – тарихшы Ермұхан Бекмаханов туралы. Ол қазақтың соңғы ханы ХІХ ғасырда Қазақ хандығын отаршылдардан азат ету үшін ұлт-азаттық күреске басшылық жасаған Кенесары Қасымұлын зерттеген ғалым.

Осы зерттеуінің нәтижесінде ол «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40-шы жылдарында» деген еңбегін жазып, Қазақстанда алғаш рет тарих ғылымдарының докторы атағын қорғаған болатын.
«Аманаттың» тұсаукесері былтыр Саяси құғын-сүргінге ұшыраған адамдарды еске алу күні өтті. Фильм ресми түрде көктемде прокатқа шығады. Ал наурыз айында ол америкалық кинопремияға ұсынылады

Талқылау