Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Алыптар шайқасы” актерлері босқындарға көмектесуге шақырды (видео)

“Алыптар шайқасына” қатысушы актерлер көпшілікті Таяу Шығыс елдерінен үздіксіз ағылып жатқан бсоқындарға көмек қолын созуға шақырды.

vyidet.ru1_

Сурет afisha.ru

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

“Халықаралық құтқару орталығы миллиондаған адамдарға көмектесіп жатыр. Еріктілер Сирияда, Иракта, Ливанда, Иорданияда, Сербияда, Түркия мен Грекияда жұмыс істеп жатыр. Ұйым босқындардың жаңа өмір бастаулары үшін АҚШ-тан баспана беріп жатыр”, – дейді Лина Хиди.

“Бұл көркем немес фантастикалық шығарма емес. Жер бетінде 60 миллионнан астам адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Олар өз өмірлеріндегі ең қауіпті саяхатқа шығып жатыр”, – деп атап өтті Деобия Опарей.

Актерлер өздерінің тыңдармандары мен көрермендерінен босқындарға материалдық көмек көрсетіп, оларды IRC (халықаралық құтқару орталығы) қорына жіберулерін сұрады.

Халыққа өтініш білдірген актерлер арасында Софи Тернер, Мэйси Уильямс, Николай Костер-Вальдау, Джон Брэдлей және Ли Каннингтер бар.

Талқылау