Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Алып шаһардағы секс” фильмінің актрисасы БҰҰ-ның елшісі атанды

Көрерменге “Алып шаһардағы секс” фильмі арқылы жақсы таныс америкалық актриса Кристин Дэвис БҰҰ-ның ерікті елшісі атанды. Бұл жайлы босқындар ісі жөніндегі БҰҰ жоғарғы комиссар басқармасы хабарлап отыр.

8585

Дэвис соңғы үш жыл бойы БҰҰ-мен серіктес болып келе жатыр. Актриса ұйым мүшелерімен бірге Солтүстік Уганда, Конго, Оңтүстік Судан елдеріне сапар жасап, босқындармен кездесіп, олардың тарихтарына қаныққан.

Былтырғы жылы актриса Конго Демократиялық республикасында сексуалды зорлықтың құрбаны болған әйелге ақша жинауға көмектесті.

“Мен осы бір керемет ұйымның мүшесі болғаным үшін ерекше қуаныштымын. Оның үстіне босқындарға ерекше көңіл бөлініп жатқан кезде мен де елші ретінде қатарға қосылып отырмын. Бүкіл әлем бойынша 65 миллионнан астам адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Мен оларға қолымнан келгенше көмек беріп, олардың жағдайын түсінуге тырысатын боламын”, – деді Кристин Дэвис.

Оқи отырыңыз:

Ит тойда теракт жасамақ болған лаңкеске секіріп бірнеше адамды аман алып қалды

Үндістан джунглиінде маймылдар арасында өскен қыз бала табылды (видео)

Қытайлық хирургтер науқастың жұлынған қолын аяғына жалғап құтқарып қалды

Қытай туралы адам шошырлық 20 дерек (фото)

Талқылау