Алып питон оқушылардың көзінше өрт сөндірушіні қылқындырып тастады (видео)

Таиландта өрт сөндірушіні оқушылардың көз алдында өлтіре жаздады. Бұл сәт видеоға түұсіп қалды.

Оқиға Бангокта болды. Кхун Апиче оқушыларға жылан шабуылдағанда қалай қорғану керектігін көрсетті. Алайда 40 жастағы ер адамды бес метрлік жылан басынан орап алды. Кхун Апиче бар күшімен жыланның басын ұстап, жұтып қоймауы үшін күресті.

“Жылан адамды жегісі келгенде дереу оны қылқындырып, жұтуға тырысады. Бірақ бұл кәрі жылан әрі қолға үйретілген”, – дейді әріптесі.

Мұғалімі оқушының бірін жыланның күшін көрсету үшін қолын Апиченің басы мен жыланның денесі аралығына салып көрсетті.

Бұл жылан бірнеше жыл бұрын үйлердің біріне ұстап алынды. Содан бастап еркіндікте өмір сүрмейді. Дайындық сабақтарына қатыстырылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр