Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алып кетсең, өлемін: Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер енесі тартып алған ұлын қайтара алмай жүр

Павлодар облысында 25 жылдық тәжірибесі бар мемлекеттік қызметкер Бәкібай Айтымбетов енесінен өз ұлын ала алмай жүр. Оның көзі тірі бола тұра, ювеналдық сот 8 жасар Асанәлінің қамқоршысы ретінде нағашы әжесін тағайындаған. Заң бойынша бұл мүмкін болғанымен, өте сирек кездеседі.

Алып кетсең, өлемін: Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер өз енесі тартып алған ұлын қайтара алмай жүр

Бәкібай Айтымбетовтың сөзінше, ол марқұм әйелінің анасымеен жақсы қарым-қатынаста болған. Әйелі қайтыс болғаннан кейін, оны қызметі бойынша аудан орталығына ауыстырыпты. Сондықтан бір жарым жастағы кенже ұлын уақытша нағашы әжесіне қалдырған.

«Енем маған: «Бәкібай, оны қазір алып кетпе. Егер алып кетсең мен өлемін», – деді. Ол онкологиялық дертке шалдығып, ота жасалғандықтан, мен оның жасын сыйлап, сөзінен аттай алмадым», – дейді Бәкібай Айтымбетов.

Артынша енесі Бәкібайды ата-ана құқығынан айыруға тырысыпты. Осы кезде ер адам ұлын аудан орталығына алып кеткен. Алайда 71 жастағы Джевек Иманқұлова сотқа қуыным беріп, өзін баланың қамқоршысы ретінде тағайындауды сұраған. Өз кезегінде сот оның талабын қанағаттандырды.

Өз сөзінде 71 жастағы кейуана мұнан әрі күйеу баласын мүлде ата-ана құқығынан айырып, немересін асырап алғысы келетінін айтты.

«Себебі ол осы күнге дейін менің қолымда болды. Ол (ред. күйеу баласы) ешқашан материалдық және моральдық тұрғыдан көмектескен жоқ. Балаға қарамады», – дейді Джевек Иманқұлова.

Ал сот төрағасы әдетте мұндай жағдайда баланың ата-анасына басымдылық берілетінін айтты.

«Сот шешімінің көшірмесі берілген күннен бастап бір айға дейін аппеляциялық шағым түсіруге немесе аппеляциялық наразылық  беруге болады», – дейді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінің басқарущысы Жанар Жұматаева.

Қазіргі уақытта Бәкібай Айтымбетов екінші рет шаңырақ көтерген. Ол 7 жасар Асанәлі өзін өз отбасында, бауырларының жанында жақсы сезінетініне сенімді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау