Алып қашу кезінде апатқа ұшыраған қыздың еміне ақша табылды

Бейсенбі, 11 Тамыз , 2016 21:23

Алматы облысында алып қашу кезінде апатқа ұшыраған қыздың емін оны әйел етіп алғысы келген марқұм жігіттің жақындары көтеретін болды. Бүгін қара жамылған отбасындағылар ауруханаға келіп, Әлия Ошақбаеваның хәл-жағдайын сұраған, – деп жазды КТК арнасы.

пппп
Яғни отбасын құрамын деп, ажал құшқан жігіттің туыстары науқас қызға жасалатын ота мен дәрі-дәрмектің шығынын мойындарына алған. Тіпті қыз аяғынан тұрғанша, қолдан келгеннің бәрін жасаймыз депті. Алайда науқастың аяққа тұру-тұрмауы алдағы отадан кейін белгілі болады. Дүйсенбіде Әлия қалалық ауруханаға ауыстырылмақ.

Бірер күн бұрын қыз алып қашудың арты жантүршігерлік жағдаймен аяқталған еді. Келін түсіруге асыққан көлік апатқа ұшырап, күйеу жігіт пен 3 досы бірден қаза тапты. Апаттан аман қалған жалғыз қалыңдық қана. 22 жастағы бойжеткен жігіттердің оны келісімсіз алып қашқанын айтқан болатын. Тіпті жүйткіген көліктің тізгінінде ішімдік ішкен полиция қызметкері отырды деген. Бірақ облыстық ішкі істер департаментіндегілер мұны жоққа шығарып отыр.

Бұған дейін  Алып қашудың құрбаны болған қыз жантүршігерлік апаттың қалай болғанын айтып бергені жайлы жазған едік.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар