Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алып денелі “Алпамыс” астаналықтардың таңдайын қақтырып жүр (фото)

Астанада “Хан Шатыр” ойын-сауық орталығы маңайында өтіп жатқан мерекелік шаралар барысында қала тұрғындары мен қонақтарын алып денелі “батыр” таңқалдырған.

c3374f113ec34e32a8e4813ebdc3125a

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Астанадағы “Хан Шатыр” ойын-сауық орталығы маңайында көшпенділер өркениетіне арналған фестиваль басталды. Алаңда киіз үйлер тігіліп, келген xалықтың назарына сан алуан қолөнер бұйымдары ұсынылды.

Сондай-ақ бұл жерде xалқымыздың салт-дәстүрлеріне арналған шаралар өтіп жатыр. Атап айтқанда, өнер ұжымдары айтыс ұйымдастырып, күйші-термешілер өз өнерін паш етуде. Осы ойын-сауықтың ішінде алып денелі “Алпамыс” ерекше көзге түсіп жүр. Батыр жігіттің пошымына қызыққан астаналықтар оның артынан қалмай, фотоға түсуді сұрайды.

7d7de7b4ced8ed5afb5bc0d22206c1bb

9b32b8990addd90d465f6fed599a0f98

414a2cb0546fe73566add5cb6c959bc4

c3374f113ec34e32a8e4813ebdc3125a

f06e1026809396bf352384f7683f960d f4394caa85e74631413168331fa16009

Бұған дейін Астанадағы ер тұлғалы жігіттердің “батыр” болып жұмыс атқарып жүргені туралы айтып едік.

Талқылау