Альварес: Бұл қан мен терге айналатын жекпе-жек болады
Альварес Головкинмен өтетін жекпе-жекке қалай дайындалып жатқаны түсірілген видеосын жариялады.
Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен өтетін жекпе-жекке қалай дайындалып жатқаны түсірілген видеосын жариялады.
«Әлем бұл оқиғаға дайын деп үміттенемін. Бұл менің дәуірім!», – деп жазған «Канело» Twitter желісіндегі парақшасында.
«Қан мен тер болады. Бірақ бұл соған тұрарлық болады», – дейді мексикалық боксшы.
Еске салайық, Головкин – Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста 20 мың адамдық T-Mobile аренасында өтеді. Бокс кешіне барлық билет сатылып қойды.
Оқи отырыңыз:
Қытайда әділетсіз жеңілген қазақ боксшысының жанкүйерлері шу шығарды
Белгілі комментатор “Селтиктен” ұтылған “Астана” ойыншыларының жіберген кемшілігін атады
Қуат Найман “Астананың” жеңілісінен соң Қазақстанда футболға тыйым салуды ұсынды
Серік Қонақбаев Қанат Ислам мен Головкиннің алдағы айқастарына болжам жасады