Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алуа Қонарова әртістерге былапыт сөз жазатындарға жауап берді

Күні кеше Renzo тобы өзінің су жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды. Бұл ретте атышулы Ninety one-ның фанаттары қос топты салыстырып, жаңа клипке төмен баға беріп жатты. Renzo-ның продюсері Алуа Қонарова жанкүйерлердің мәдениетсіздігіне қайран қалды. Ол әртістерге жағымсыз пікір, қала берді былапыт сөз жазатын жандарға жауап берді.

Конарова 260417

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Продюсер отандық және шетелдік жанкүйерлерді салыстырды. Оның айтуынша, Батыс пен Еуропада халық өз әртістеріне қара күйе жақпайды, қолдап-қолпаштайды. Ал біздің елде барлығы керісінше.

“Батыс пен Еуропа өз әртістерін қолдайды. Бұдан бөлек, әртістің намысына тиетін сөз айтпайды, не үшін екені белгісіз кінә тақпайды, өзгелермен салыстырып, үлкен еңбекті жоққа шығармайды. Ал бізде бәрі керісінше.

Бұл не? Комплекс? Әлде бар негативті танымал адамдарға шығару әдеті ме? Өзге әртістердің фанаттары олардың бақталастарына неге ойына келгенін жазады? Ақырын ғана жаман пікір қалдырып, одан кейін суретке түсуге жүгіреді. Екіжүзділік деген осы емес пе? Бұл біздің бойымызға қайдан сіңген?” – дейді ашынған Қонарова.

Продюсер қазақ халқының тағы бір кемшілігін атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандықтар шетелді бағындырып келмеген әртістерді мойындамайды.

“Ал кейбір әртістер шетелді бағындырып келмейінше, оны ел мойындамайды. Ал артынша бүкіл ел оны қолпаштайды. Бұған дейін бізде жұмыс істеп жүрген кезде қайда болдыңыздар?

Әртістер де сіз сияқты адам деп ешқашан ойламадыңыз ба? Олардың да бір басына жетіп артылатын уайымы мен проблемалары бар. Сіздер үшін жасалған еңбектің аяусыз сынға ұшырағанын көргенде олардың да көңілі түседі…

Бір сөзбен айтқанда, халқымыз өзінің әртістерін бағалап, қолдауды үйренбейінше, біз ұлт ретінде дамымаймыз. Мұндай жағдайда қайдағы патриотизмді сөз етесіздер?” – дейді Алуа Қонарова.

Извините, что вынесла ваш комментарий на всеобщее обозрение, но сама давно об этом думаю ___________________ Тоже заметила, что на Западе, да и в Европе своих артистов поддерживают, не позволяя себе опускаться до оскорблений, напрочь стирать негативом большой труд, давиться от сравнений, обвинять Бог знает в чем… У нас же прямо противоположная ситуация. ____________________ Что это? Комплексы? Привычка сливать негатив публичным людям? Что за манера у фанов др.артистов обязательно обсирать их конкурентов? Тихонько обкакают в комментах, а потом бегут фотаться, это ли не есть лицемерие? Откуда это в нас? __________________ Кого то из артистов и вовсе не замечают, пока в другой стране не признают его успех, а уже затем вдруг все хором начинают вдруг возносить его…а где раньше то были пока он работал у нас?.. ___________________ А не задумывались, что артисты такие же люди, как вы, со своими проблемами и переживаниями? Что они читают комментарии и расстраиваются, потому что безжалостно херится труд и работа, которая делалась для вас?.. _____________________________ Одним словом, пока наш народ не научится ценить и поддерживать свое, далеко мы, как нация не продвинемся. О каком на фиг, патриотизме все говорят?

Публикация от Alua Konarova (@aluakonarova)

Жіберіп алмаңыз:

Салтанат Бақаева Тұңғышбай Жаманқұловтың денсаулығы туралы айтты

Ұстаздары: Димаш мектеп кезінен Абайдың қара сөздерін жатқа айтатын

Мені Димаш Құдайберген еткен қазақ халқына мың алғыс (фото, видео)

Медеу Арынбаев: Бізде Димаш сияқты жастар көп, бірақ оларды қолдамайды

Талқылау