Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтыншы қабаттан құлаған алты жасар қыз аман қалды

Семейде алтыншы қабаттан құлаған алты жасар қыз аман қалды. Анасы үйге жалғыз қалдырып кеткен бүлдіршін балконға шығып құлап, денесінің бірнеше жерін сындырған.

20170816191124

Қыз баланың құлағанын ең әуелі тұрғындар байқапты. Періштесі қаққан сәби бүгінде балалар ауруханасында ем алып жатыр, деп хабарлайды 31 арна.

Семейдің Энергетик ықшам ауданында алтыншы үйдің алтыншы қабатынан алты жастағы қыз бала құлап кеткен. Алдымен оны өтіп бара жатқан адамдар байқап, жедел жәрдем шақырған.

Оқиға сенбі күні болған екен. Дәрігерлердің айтуынша, қыз бала бас-сүйек жарақатын алған және сол жақ иығы сынып кеткен. Абырой болғанда аман қалған баланы дереу балалар емханасының жан сақтау бөліміне жеткізген. Мұндай оқиға Семейде жыл басынан бері бірінші рет тіркелгенімен, елімізде осыған ұқсас, терезеден құлап мерт болып жатқан балалар саны азаяр емес. Осыған орай төтенше жағдай қызметкерлері дабыл қағуда.

“Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында жанағы көп қабатты үйлердің тұрғындарынан сұрайтынымыз, қауіпсіздік шараларын күшейтіп, терезелеріне темір тор орнатқанын жөн деп санаймыз”, – дейді Семей қаласы ТЖБ АҚ бөлімінің офицері Думан Икенов.

Қазіргі таңда кішкентай бүлдіршіннің жағдайы қалыпты. Дәрігерлер алаңдауға негіз жоқ дейді.

“12 тамызда хирургия бөліміне алтыншы этаждан құлаған бала келіп түсті. Қазіргі таңда жағдайы тұрақты, емін алуда, емі жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр”, – дейді Думан Икенов Мейрамғазы Дюсупжанов.

Жоғарғы қабаттан құлаған қызды анасы үйге жалғыз қалдырып, сыртқа шығып кеткен екен. Науқастың ата-анасы сұқбат беруден бас тартып, мән-жайды баяндауға ниет білдірмеді.

Тағы да оқыңыз:

Балаларға арналған жөргекқаптан құрт шықты (видео)

Алматы облысыныда жол бойында көліктің үстіне шығып алып жүргендер іздестірілуде

Ұлттық ұлан жауынгерлері жоғалып кеткен жеті жасар баланы тауып, ата-анасына қайтарды

Талқылау