Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтыннан жасалып, гаухар тастармен көмкерілген: Дубайда әлемдегі ең қымбат аяқ киім көрсетіледі (видео)

Дубайдағы Бурдж-эль-Араб мейманханасында алтыннан құйылып, гаухар тастармен көмкерілген аяқ киім топтамасы таныстырылады. Олардың ішіндегі ең қымбаты 17 миллион долларға (6 млрд теңгеден аса) бағаланады.

Алтыннан жасалып, гаухар тастармен көмкерілген: Дубайда әлемдегі ең қымбат аяқ киім көрсетіледі (видео)

Бұл туралы The National баслымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сәнгер туындысы зергерлік компаниялармен бірлесе отырып жасалған. Ең қымбат туфлидің алдыңғы бөлігіне 15 караттық гаухар тас орнатылған. Аяқ киімнің бетінде жалпы саны 236 гаухар тас бар.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JADA DUBAI (@jadadubai)

Бағалы аяқ киімдер топтамасындағы «арзанырақ» туфли 17-27 мың доллар (6-9 миллион теңгеден аса) аралығында бағаланады. Олар да алтынмен және гаухар тастармен, кейбірі інжу, лағыл тәрізді тастармен көмкеріліпті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау