Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтыннан көйлек киген үнді бизнесменін ұрып өлтірді

Алтынға деген ерекше махаббатымен танылған белгілі үнді бизнесмені Датта Фугені әбден сабап өлтірген.

_90404764_gold_man_datta-phuge-1

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталған. Төбелес ақша үшін шыққан болуы мүмкін. Полиция мәліметінше, күдіктілердің бірі Фуге мен оның 22 жастағы ұлын Пуна қаласындағы өз туған күніне шақырған.

Аталған жерге Фуге ұлымен бірге келген кезде оған 12 адам таспен және басқа да қауіпті қарулармен шабуылдайды. Ал ұлы әкесінің өліміне куәгер болған. Бірақ, ұлын қаскөйлер аман алып қалыпты.

Датта Фуге үнемі өзімен бірге алтын заттар тағып жүрген екен: медальондар мен алқалар, сақина, браслет. Ол 2013 жылы 250 мың тұратын тек алтыннан жасалған жейдені сатып алып танымал болған еді.

_90404765__90395537_gettyimages-160417204

“Көп адамдар менен неге үнемі алтын тағып жүресің дейді. Бұл менің үлкен арманым болатын. Әркімнің қызығушылығы әртүрлі. Көптеген бай адамдар қымбат көліктер сатып алғысы келеді екен. Ал мен алтынды таңдадым”, – деген болатын ол сұхбаттарының бірінде.

Талқылау