Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынбек Қоразбаев 50 жыл отасқан жары мен отбасын елге көрсетті

Танымал композитор Алтынбек Қоразбаев 50 жыл отасқан жары мен отбасын елге көрсетті. Ол балаларының анасымен студент кезінде танысқан екен.

Алтынбек Қоразбаев 50 жыл отасқан жары мен отбасын елге көрсетті

Алтынбек Қоразбаев 50 жыл отасқан жарымен. Фото: Скриншот

Қоразбаев отбасымен бірге “Қазақстан” арнасының “Сенбілік таң” бағдарламасына қатысқан, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Гүлжахан Әкімбайқызы Аңдақұлова – біздің үйіміздегі ошағымызды жайнатып, үйімізді көркейтіп отырған, отасқанымызға 50 жылға жақын қалған менің қосағым. Бұл кісінің мамандығы – тіс дәрігері. Кезінде қыз-жігіт болып осы Алматыда жүрдік. Бұл кісі дәрігерлер институтында, мен консерваторияда оқып жүргеннен бері қарай ажыраған жоқпыз, бірге жүрміз”, – деп таныстырды ол жұбайын.

Сондай-ақ, белгілі сазгер ұл-қыздарын да таныстыруды ұмытпады. Бір қызығы, ел мойындаған сазгердің перзенттері әке жолын қумаған.

“Ұлым – Рүстем Алтынбекұлы Қоразбаев. Екі мамандығы бар. Біреуі – консерваторияны домбыра пәнінен тәмамдаған, екіншісі – заңгер. Қазір заң саласында жұмыс істейді. Ал Ақнәзік Алтынбекқызы – менің кенже қызым. Бұл кісі де заңгер”, – деп түсіндірді ол.

Алтынбек Қоразбаев 50 жыл отасқан жары мен отбасын елге көрсетті

Алтынбек Қоразбаевтың ұлы. Фото: Скриншот

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау