Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынай Жорабаеваның қыздары әкесімен кездесуді қаламайды

Желі оқырмандары Алтынай Жорабаеваға жеке өміріне қатысты шабуыл жасауды үдеткен. Біресе ажырасқан соң тайраңдап кетті деп сөксе, ендігіде қыздарының әкесімен араласпайтыны үшін әншіні кінәлайды екен. Ал әнші қыздары мен Сәбиттің арасын ажыратуды ойламаған.

Алтынай Жорабаеваның қыздары әкесімен кездесуді қаламайды

Бұл туралы Stan.kz НТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Желілерде жаңағыдай естіп жатамын. Мен көрсетпей жатыр екен. Қыздармен араластырмай жатыр екен деген нәрселерді. Мен о баста да айтқанмын. Маған десең күнде көріп, араласып, хабарын алып тұр деп. Ары қарай қыздардың өздері қаламай тұр да мысалға”, – дейді Алтынай.

Аяулым мен Айнара, Семанұр және Көркем. Бұл Алтынай Жорабаеваның қызғалдақтары. Жұлдызды жұптың отбасында тәрбиеленген қыздар бүгінде әкелері Сәбит Әбдіхалықовпен араласпайды екен. Ал Жорабаева қыздары мен Сәбиттің арасын жақсартуға тырысқанын айтады. Бірақ:

“Анашым, біздің одан сайын қинамаңызшы деп айтты. Үлкен қыздарым кездескіміз келмейді деді. Болды. Енді мен не деп айтамын басқа?! Олардың барлығын күштеп араластыра алмаймын ғой, дұрыс па?” – дейді Алтынай.

Жорабаева қыздары бойжеткен соң өзін кінәлағанын қаламайды. Сондықтан да Әбдіхалықовқа қанша ренжісе де, ол туралы үйде жағымсыз пікір қалыптастырмауға тырысады.

“Ертең менің бетіме басады ғой олар, дұрыс па? Сіз айтқансыз кезінде. Кездеспе дегенсіз, жамандағансыз, бір нәрсе деген сияқты мысалға. Есейген кезде, ақыл естері кірген олар бәрібір менің бетіме басады. Ал маған оның керегі не?” – дейді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау