Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынай Жорабаева экс-күйеуі Әбдіхалықовтың қыздарын іздемейтінін айтты

Бұған дейін жеке өміріндегі өзгерістерді барынша жасыруға тырысып келген Алтынай Жорабаева бұл жолы ағынан жарылып сұхбат берді. Ол Сәбит Әбдіхалықовпен үш жылдай уақыт бұрын ажырасқанын ашып айтты. Сондай-ақ, бүгінде жұлдызды әкенің өз қыздарын іздемейтінін тілге тиек етті.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Жоқ, қыздарым әкелерімен араласпайды. Білмеймін енді, мен оларға: “Маған десе күнде көріңдер, ондайға шек қоюға хақым жоқ. Бәрібір Шегірдің қыздары, өздеріңнің қыздарың. Аралас, араласпа деп айтуға хақым жоқ. Өздерің шешіңдер”, – дедім. Қыздар жалынып, іздемейді ғой, дұрыс па? Өзі іздемесе қалай?” – дейді Жорабаева.

Әнші қыздарының туған-туыстарымен араласуына қарсы емес. Тіпті, керісінше қыздарына “ата-әжелеріңе барыңдар” деп жиі айтатын көрінеді. Алайда көңілдеріне кірбің түскен Жорабаеваның қызғалдақтары әкесінің туыстарымен араласуға құлықсыз көрінеді.

“Білмеймін, мен ондайды әлі түсінбеймін. Ондай нәрсе әйел затынан емес, ер азаматқа байланысты деп ойлаймын. Егер дос болып қалып, араласып жатса, оған қарсы емеспін. Енді біз әйел басымызбен, қыздарыммен, ер азамат тұрғанда оның алдына барып иілмейміз ғой, дұрыс па? Менен кінә кетсе, мен үшін кешірім сұрау ештеңе емес. Ұлық болсаң, кішік бол дейді ғой. Сол себепті мен қыздарыммен оларға жалынбаймын ғой, тура айтқанда… Жаздыгүні қыздарыма айтамын: “Аталарыңа апарайын ба? Алып кетсің ба? Не істейік?” деп. “Жоқ. Барғымыз келмейді”, – дейді. 1-2 рет айтқан кезімде үлкен екі қызым ұрсып тастаған: “Анашым, неге одан сайын жүрегімізді ауырта бересіз? Барғым келмейді. Бұдан кейін осылай айтпаңызшы”, – деді. Жақсы, әрі қарай өздерің шешіңдер дедім”, – деп ағынан жарылды Алтынай Жорабаева.

Жіберіп алмаңыз:

Америкалық фанат: Майкл Джексон тірі болғанда Димаштың өнерін бағалап, қолдау танытар еді

Қайнар Алагөзов “хит” әнге 1000 теңге төлеген әнші туралы айтты

Алтынай Жорабаеваның екінші рет тұрмысқа шығатыны рас па?

Қайрат Нұртастың жарымен сүйісіп тұрған суреті желіні шулатты

Талқылау