Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынай Жорабаева эфирде сұрақ қойған желі қолданушысына дөрекі жауап берді 

Алтынай Жорабаева ашуына тиген желі қолданушысына дөрекі жауап берді.

Әнші желіде тікелей эфирге шығып, қолданушыларының сұрақтарға жауап беріп отырды. Өз сұрағына жауап ала алмаған желі қолданушысының бірі “басқа нәрсе айтпай, сұраққа жауап берсеңші” деп төтесінен қойды. Бұндай мінез танытқанына ашуланған әнші “бұл жерден көзіңді құрт” деп ұрысып тастады. Бұл сөзді орыс тілінді айтты.

“Осы еркектерге не жоқ екен? Бәрін менің жеке өмірім қызықтырады-ей?” деп таңғалды Алтынай Жорабаева.

Желі қолданушыларының бірі әншінің реніші орынды екенін айтты, енді бірі қандай жағдай болмасын өнер адамына олай дөрекі жауап беруге болмайтынын айтып жатты. Әншінің ашуланғанына таңғалып, сұрақтарын қойып жатты.

Әнші кейіннен бұл видеоны парақшасынан өшіріп тастады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау