Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынай Жорабаева: Қыздарыма “91” тобын тыңдауға тыйым салдым, бірақ қазір өзім де тыңдаймын

Атышулы Ninety one тобы алғаш сахнаға шыққанда оларға қарсы болғандардың бірі – Алтынай Жорабаева. Әнші тіпті, кішкентай қыздарына аталған ұжымның әндерін тыңдауға тыйым салған. Алайда уақыт өте келе өзі де Q-pop бағытындағы әндерді тыңдап кеткен.


Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“91” тобын барлық қыздарым жақсы тыңдайды. Неге екенін айта алмаймын. Мен оларға басында “тыңдамаңдар” деп айттым. Сөйтсем менен тығылып тыңдайды екен. Содан кейін “бұл не құдірет?” деп ойладым. Әндерін тыңдап қарасам, аранжировкалары өте жоғары деңгейде жасалған. Орындау мәнерлерінің өзі ешкімге ұқсамайды, оны кез келген адам бас салып айта алмайды. Оны білемін, өйткені өзім де айтып көрдім. Содан кейін жігіттердің еңбекқорлығына таңғалдым”, – дейді Жорабаева.

Иә, жезтаңдай әнші Алтынай атышулы Ninety one тобының әндерін орындап көрген. Тіпті, бірнеше мәрте Q-pop бағытында ән шырқап отырған видеосын желідегі парақшасына жүктеген. Ал бүгінде Жорабаева топты сыртқы келбетіне қарап бағалайтындарға қарсы.

“Ол жігіттерді білемін, көбіне спорт залда жүреді. Кейбіреулер оларды кекетіп, мұқатып жатады. Бірақ адамның жанына бататын сөздерді айту үшін ол сондай дүниені жасай ала ма, жоқ па, соны да қарау керек. Кейін олардың керемет бағыттағы әндерін тыңдадым. Eaglez емеспін, бірақ жеңіл әндерді де айтып тұру керек. Әр әнді орындайтын орын бар.

Әнші болғаннан кейін жан-жақты болу керек. Тек қана бір бағытта ән айтпау керек, басқа тілдер болсын, әртүрлі жанрда, стильде болсын, мысалы классикалық әндерді де тыңдаймын. Дәстүрлі әндерді де тыңдаймын. Соларды айтып көремін”, – дейді Алтынай.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау