Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынай Жолдыбаева үйге түскен ұрыны аяғымен орап “өлтірді” (видео)

Атышулы “Джейран” тобы “Аймалашы” атты әнге түсірілген су жаңа бейнебаяндарының тұсауын кесті.

Джейран аймалашы 170517

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сюжет бойынша, 4 ару тұратын үйге ұрылар келіп түседі. Ал Джейрандықтар олардан қорғану үшін барын салады. Сыртқы келбеттерін пайдаланып, қыздар ұрыларды баурап алады. Қыздардың бірі ұрыны биік өкшелі аяқ киіммен, екіншісі мылтықпен талдырады. Ал Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі ұрыны аяғымен орап алады.

“Джейранның” бейнебаяны желіде дау туғызды. Көпшілік ұятсыз көріністері бар клипті сынап тастады.

“Қандай деңгейге дейін түсіп кеткенбіз? Біздің шоу-бизнестің пасықтығы, ұятсыздығы осыған дейін жетті ме? Абдырап қалдым, мына бейнебаяннан қандай әсер алуымыз керек? Әрине, жұрт бұл қыздарды балағаттап, лас нәрселер айтады”, “Бұл не қылған порнография? Мұны шынымен тв-дан көрсетесіздер ме?”, “Тым ұятсыз клип”, “Фу, не мынау, ұялмайды ма? Алтынайды мұндай қыз деп ойламадым, Мединаны да, қайта соңындағы қыздардың кішкене ұяты бар екен”, “Аймалашы? Ұятсыз өлең екен, масқара”, – деп таңданды тыңдармандар.

Жіберіп алмаңыз:

Әріптестері қызды болған Қарақатқа тосынсый жасады (фото, видео)

Карина Абдуллина жас жігіттерді ғашық ететінін айтып мақтанды

Мақпал Жүнісова өзі ұқсап ән салатын тотықұсын көрсетіп мақтанды (видео)

Ер адаммен бірге жаттығу жасаған Кәмшат Жолдыбаева желіні шулатты (видео)

Талқылау