Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Алтын глобус” жеңімпаздарының ерекше сәнді көйлектері

Лос-Анджелесте “Алтын глобус” марапаты 73-ші рет өткізілді. Қызыл кілем үстімен бірінен бірі өткен сәнді киімдерімен кино әлемінің жұлдыздары жүріп өтті.

collage667d

Бұл туралы dni.ru  хабарлайды

Голливудтық танымал актрисалар Кэти Перри мен Кирстен Данст кең ойылған пішіні бар тамаша көйлектерімен көпшілікті таң қалдырды.

92928

Тележүргізуші әрі актриса Дженнифер Лоуренс денесінің бірнеше тұсын айқын жалаңаштайтын көйлекті таңдаса, оның әріптесі Ева Грин кестелі әрі көркемделген киімді таңдаған екен.

92930

Көпшіліктің көзін қызықтырғанның бірі Кейт Хадсон болды. Ева Лонгория да келушілердің назарының барлығын өзіне аудара алды.

92932

Дженнифер Лопес әдеттегідей өзінің сұлу мүсінін тағы бір мәрте жарнамаласа, 55 жастағы Джулианна Мур әрі таймаған келбетіне жарасымды көйлек киіп келіпті.

92934

Кейт Бланшетт арнайы “Алтын Глобус” үшін алқызыл түсті жарқыраған көйлекті таңдаса, модель Хайди Клум құс жүнінен кестеленген көйлекпен келуді жөн деп тауыпты.

92936

Көкшіл көйлек киген әнші Куин Латифті де атап өтпеуге болмайды. Эми Адамс та ашық түстерге жаны құмар екенін байқатты.

92938

Ал Леди Гага әйелге тән биязылықты байқатып, қара барқыттан тігілген керемет көйлекпен келді бұл ортаға. Модель Роузи Хайтингтон-Уайтли болса, кең пішінді көйлек дизайнын таңдаған.

92944

Кейт Уинслетт бұл жолы классикалық стилге басымдық беріпті. Ал Рейчел Макадамс қызыл гүлдер салынған түрлі-түсті көйлек киіп келу арқылы, көбінесе бір түсті киінген әріптестерінен ерекшелене алды.

92946 (1)

Актер Алан Камминг көк түсті костюм киген. Ер адамдардың көбі дәстүрлі смокингті таңдаған екен.

92942

73 жастағы Хариссон өзінің жап-жас жұбымен келді.

92940

Талқылау