Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Алтын домбыра” иегері Мұхтар Ниязовқа ауылдастары ат мінгізді

“Алтын домбыра” сайысында екі мәрте топ жарған, танымал айтыскер ақын қызылордалық Мұхтар Ниязовқа ауылдастары ақ боз ат мінгізді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Безымянный

Айтыскер ақын өзі туған ауылы Жалағаш ауданы, Ақжарма ауылына барып, жерлестерімен кездескен. Ақынды алақайлап күтіп алған жұртшылық, оған лайықты құрмет көрсетуден де кенде қалмады.

001

Кездесу барысында ақынның ұстазы Мамыр Байдәулетов, облысқа белгілі ақын, журналист Дүйсенбек Аяшұлы Мұхтардың бала кезінен сыр шертті. Кеш барысында ауылдың әнші-жыршылары өнерлерін ортаға салды. Шара соңында ауыл тұрғындары ақынның астына ат байлады.

Мұхтар Ниязов ертеңнен бастап облыстың барша аудандарын аралап, жұртшылықпен жүздеспек.

Еске сала кетейік, айтыскер ақын “Алтын домбыра” республикалық байқауына осыған дейін екі рет жеңіске жетті. Әзірге еліміздегі ең мәртебелі сайыстың бас жүлдесін екі дүркін иеленген ақын осы – Мұхтар. Биылғы бәйгенің әділдігіне қатысты қоғамда аз-кем дау туындаған болатын. Осыған байланысты Жүрсін Ерман тікелей эфирде Мұхтар мен Болатбекті қайта айтыстырып халықтың өзі бағалайтынын да айтқан еді.

Оқи отырыңыз:

Ділназ Ахмадиева сахнаға не себепті “ішкиімсіз шыққанын” түсіндірді (фото)

Ерке Есмахан қайда барса өзімен бірге шай көтеріп жүретінін айтты (видео)

Қайрат Нұртас қысқы демалысын ауылда өткізіп жатыр (фото, видео)

Демалысқа шыққан Алтынай Жорабаева макияждан бас тартты (фото)

Талқылау