Қазақстандағы ең үздік ақын алтын домбыраны иеленді (фото)

Дүйсенбі, 7 Желтоқсан , 2015 13:28

Алматыда 5-6 желтоқсан күні Республика сарайында өткен «Тәуелсіздікке тағзым» атты тақырыпта «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті.

13

Бұл туралы STAN.KZ хабарлайды.

2012 жылдан бері төртінші рет ұйымдастырылып отырған айтысқа бүкіл Қазақстан бойынша айтулы 22 ақын қатысты. Бұл айтыстың ерекшелігі олар балмен емес, жеңгеніне қарай анықталды. Яғни, жұп болып айтысып, жеңгені финалға өтті. Биылғы жүлде қоры да қомақты болды. Оны Алматы қаласының әкімдігі жасады.

3E0A4885

4

11

акын

Ақтық сында топ жарып шығып, бас бәйгені Аспанбек Шұғатаев еншіледі. Ол «Алтын домбыра» мен 3 миллион теңгені қанжығасына байлады. Сондай-ақ, 150 мың теңге ынталандыру сыйлығына ие болды.

20151206201447

07

Айтысты Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек те тамашалап, бас бәйгені өзі табыс етті.

20151206202329

1

06

03

02

Азулы ақын Айбек Қалиев 1 орынды олжалап, оған 2 млн теңге табыс етілді. Екінші орын алған Иранғайып Күзембаев пен Мейірбек Сұлтанхан 1 миллион теңгені еншіледі. Қалижан Білдәшев, Жансая Мусина мен Еркебұлан Қайназаровқа үшінші орын бұйырды. Олардың әрқайсысы 500 мың теңгеге ие болды.

fайбек
“Алтын домбыра” айтысының 1-орын иегері Айбек Қалиев STAN.KZ сайтына берген сұхбатында: “Бұл айтыс барлық ақын жиналып жатқан үлкен дода ғой. Кей ақын психологиялық тұрғыда өзін көрсете алмай қалады. Аспанбек, Мейірбек сынды ақындар қазіргі айтысты биікке көтерген сияқты. Еркебұлан, Дидар, Мұхтар сияқты ақындар айтыстың алдыңғы буынына айналып үлгерді. Мен айтыскерлердің жеңіл әзіл-қалжыңнан гөрі бірлікті жырласа, қазақты өркендету жайын айтса деп ойлаймын. Барлық ақынға ризамын, бәрі шама-шарқынша айтысты. Соңғы деміміз қалғанша қазақ айтысы өлмесін деп тілеймін”, – дейді.

максат

“Бүгінгі айтыс “Алтын домбыра” айтысы болған соң, салмағы да өте үлкен. Абыройы асқан, бағы жанып тұрған, халықтың ықыласына бөленіп тұрған бір ақын топ жарады. Барлық ақынның аяқ алысы, шабысы жақсы. “Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады” дегендей әр ақын өз деңгейін қарай өнер көрсетті деп ойлаймын,- дейді қарағандылық ақын Мақсат Аханов.

5Ct84hXvhK4
Дидар Қамиев: ” Бүгін есте калатындай жақсы айтыс болды. Көкейде журген талай мәселе айтылды. Мұхтармен айтысқан ен бір жақсы айтыс болды деп ойлаймын. Төл өнеріміз, нарда өнерміз жақында ЮНЕСКО тізіміне енді. Бұған ақындар ғана мес, барша қазақ қуанды. Осы айтысты 30 жыл бойы өлтірмей алып келе жатқан Жүрсін ағамызға ерекше алғыс білдіреміз. Айтыс жасай берсін, дами берсін дегім келеді”.

DSC00733
Жеңгенде ештеңе жоқ жеңілгенде,
Ен бастысы өнер мен өмір бірге.
Біздің айтыс енді гой ЮНЕСКО-ға,
Енді айтысты көреді негрлерде, – деп сахна сыртында тұрған Шалқарбай Ізбасаров та біздің айтыс туралы бірауыз пікірін сұраған сауалымызға өлеңмен қалжыңға сүйеп жауап қатты.

«Алтын домбыра» айтысының шарты бойынша, үш рет қатарынан жеңімпаз атанған ақын ғана бұл жүлдені өзіне меншіктей алады. Әзірге ол Ұлттық мұражайға қойылады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар