«Алтын белгiге» үміткерлердің тек жартысына жуығы үмітті ақтады

Сейсенбі, 14 Маусым , 2016 16:20

Биыл елімізде «Алтын белгіге» үміткер болған 4772 (49,7%)  түлектің 2371-і үкілеген үмітті ақтады.

rtpiav-1

Сурет baq.kz

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Алтын медаль алғандар қатарында қазақ тілінде білім алғандар – 1883, орыс тілінде – 463, өзбек тілінде – 19 және ұйғыр тілінде – 6.«Алтын белгіні» ақтамағандар арасында 510 түлекке бір балл жетпей қалса, 380 оқушы – екі, 308-і үш балл жинай алмай қалған. Жалпы биыл былтырғыға қарағанда (2205) медалистер саны әлдеқайда көп», – деп мәлімдеді ҚҚ БҒМ баспасөз қызметінен.

«Алтын белгі» иегерлерінің саны жағынан Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Бұл өңірде 576 түлек үмітті ақтады. Одан кейінгі орындарда –Шығыс Қазақстан облысы (223) және Алматы қаласы (221). Алматы облысында – 176, Ақтөбе облысында – 153, Қызылордада –133, Жамбыл өңірінде – 130, Астанада – 123, Қарағанды облысында – 121, Батыс Қазақстан облысында – 89, Павлодар облысында – 78, Маңғыстауда – 75, Ақмола облысында – 74, Солтүстік Қазақстанда – 55, Қостанай облысында – 49, Атырау облысында – 39. Жәутіков атындағы РМ-ныңн 47 оқушысы «Алтын белгі» алса, Абай атындағы РМ-да – 9 түлек.

Естеріңізге салып өтсек, елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу 2 маусым мен 10 маусым аралығында өтті. Ұлттық тестілеу орталығынан хабарлағандай, биыл ең жоғары балл жинаған түлектер саны 4 есеге артқан.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да бір мектептің 40 түлегі “Алтын белгі” иегері атанды

«Алтын белгі» иегері түлектерге қажетті 10 кеңесімен бөлісті

ҰБТ-дан 125 балл жинаған түлек үш жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдаланбаған

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар