«Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант ала алмайтын болды

Сейсенбі, 9 Тамыз , 2016 19:12

Білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссиясы жұмысының алдын ала қорытындылары бойынша «Алтын белгі» медаль иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант есебінен білім ала алмайтындықтары белгілі болды.

20160809111647

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Биыл 2059 «Алтын белгі» иегері оқуын еліміздің ЖОО-да жалғастыруға ниет білдірді. Алайда, олардың дені бәсекелестік деңгейі жоғары қаржы-экономикалық немесе әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мамандықтарды таңдап алып отыр. Көпшілік елімізде соңғы жылдары индустриялық-инновациялық даму басымдықтарына көп көңіл бөлініп жатқанын ескермей келеді. Биыл да мемлекеттік гранттардың көп бөлігі аталған басымдықтарды жүзеге асыруды көздеп, еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағытталып отыр», – делінген хабарламада.

ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының басшылығымен бірлесіп, мемлекеттік гранттарды ала алмай қалған «Алтын белгі» иегерлерінің істерін жеке-жеке қарастырып, олардың ЖОО қаражаты есебінен білім алу мүмкіндігін қарастырмақ.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО әкімі “Алтын белгі” иегерлеріне 500 мың теңге қаржылай сыйлық берді

ОҚО-да бір мектептің 40 түлегі “Алтын белгі” иегері атанды

«Алтын белгі» иегері түлектерге қажетті 10 кеңесімен бөлісті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар