Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алты бірдей барысты өлтіріп алған Алматы зообағы тағы да дауға қалды

Алты бірдей барысты өлтіріп алған Алматы зообағы тағы да дауға қалды. Енді бұл мекемені Ақмола облысының полицейлері тексермек, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

tigr-lyubit-rukovodit

 

«Қызыл кітапқа» енген Амур жолбарысын жасырын алып келген БАҚ қызметкерлері енді мән-жайды тергеушілерге тәтпіштеп түсіндіруі тиіс.

Жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған жануарды негізі астаналық тұрғын тегін берген екен. Бірақ өзі көзге түскісі келмей, бақ қызметкерлеріне біржарым жастағы жолбарысты тастап кеткен жерін айтқан көрінеді. Оны зообақ директоры тиісті орындарға хабарламаған. Мұндай жауап полицейлердің күдігін тудырғаны анық. Заң бойынша, «қызыл кітапқа» енген аңды қолда баққандар 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы тиіс. Басы тағы дауға қалған бақ басшылығы енді Амур жолбарысының қайдан тап болғанын еш түсіндіре алмай отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы хайуанаттар бағында ауру жолбарысты шамандар азаптап жатыр

Адамбай ауру жолбарысқа қатысты қала әкімдігінен зообақ басшылығын тексеруді талап етті

Талқылау