Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алты баланың анасы өзін маскүнем күйеуінен қорғауды сұрады

Алты баланың анасы Айжан Кәрімова өзін күйеуінен қорғауды өтініп сұрады. Әйел оның өзін 19 жылдан бері ұрып келе жатқанын айтады. Дәрігерлер сан мәрте ми жарақаты мен ішкі органдарының зақымдалғанын тіркеген. Сот шешімі бойынша заңды жолдасы енді Айжанға жолай алмайды. Алайда азаматты бұл тоқтатпақ емес.

27341461551f8ddc4a852b2.02060448_articles_main_big

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Айжан Кәрімова көптен бері алғаш рет күйеуі темір тордың ар жағына 10 күнге қамалғандықтан еркін тыныстауда. Алайда әйел ары қарай не болатынын ойлаудан қорқады. Ол соққыдан кейін өзінің бес рет ауруханаға түскенін айтады. Соңғы рет дәрігерлер дене жарақатын, ми шайқалуын және ішкі органдардың зақымдалуын тіркеген.

“Үйге арақ әкеліп, балаларға ішкізеді. Олар оны иіскеп, сасық екенін айтады”, – дейді әйел.

Отбасында алты бала бар. Ең кішісі үш айлық. Айжан олардың да мектепке бет-аузы көгеріп баратындығын айтады. Еш себепсіз, тіпті 14 жастағы озат оқушы Диананы да ұратын көрінеді.

Айжан күйеуінің үстінен сан мәрте шағым жазып қаматса да, сақшылар оны бірнеше сағаттан кейін босатып жібереді екен. Әйел мен балалары дәл осылай күн кешіп жатқандарын туған-туысқандарынан жасырып келген.

Қазақстанда отбасында әйеліне қол көтеретін еркектер үшін қатал жаза жоқ. Олар 400 мың айыппұл төлеп жазасынан құтылып кететін көрінеді.

Талқылау