Алты баланың анасы өзін маскүнем күйеуінен қорғауды сұрады

Сейсенбі, 5 Шілде , 2016 23:33

Алты баланың анасы Айжан Кәрімова өзін күйеуінен қорғауды өтініп сұрады. Әйел оның өзін 19 жылдан бері ұрып келе жатқанын айтады. Дәрігерлер сан мәрте ми жарақаты мен ішкі органдарының зақымдалғанын тіркеген. Сот шешімі бойынша заңды жолдасы енді Айжанға жолай алмайды. Алайда азаматты бұл тоқтатпақ емес.

27341461551f8ddc4a852b2.02060448_articles_main_big

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Айжан Кәрімова көптен бері алғаш рет күйеуі темір тордың ар жағына 10 күнге қамалғандықтан еркін тыныстауда. Алайда әйел ары қарай не болатынын ойлаудан қорқады. Ол соққыдан кейін өзінің бес рет ауруханаға түскенін айтады. Соңғы рет дәрігерлер дене жарақатын, ми шайқалуын және ішкі органдардың зақымдалуын тіркеген.

“Үйге арақ әкеліп, балаларға ішкізеді. Олар оны иіскеп, сасық екенін айтады”, – дейді әйел.

Отбасында алты бала бар. Ең кішісі үш айлық. Айжан олардың да мектепке бет-аузы көгеріп баратындығын айтады. Еш себепсіз, тіпті 14 жастағы озат оқушы Диананы да ұратын көрінеді.

Айжан күйеуінің үстінен сан мәрте шағым жазып қаматса да, сақшылар оны бірнеше сағаттан кейін босатып жібереді екен. Әйел мен балалары дәл осылай күн кешіп жатқандарын туған-туысқандарынан жасырып келген.

Қазақстанда отбасында әйеліне қол көтеретін еркектер үшін қатал жаза жоқ. Олар 400 мың айыппұл төлеп жазасынан құтылып кететін көрінеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Айжанау соншалыкты озынызды корлатасыз Балалар обал емеспа ана Хайуаннан барын кутуге болады Прокоротурага жазыныз Закстен откенсызба?алде баратын жерыныз жокпа?Каматады казыр зан шыккан 6 жылдан камалады мен Сотрудник полициянын айелымын.Ертен ауру боласыз анау алты балага кым камкор болады оиланбаи Астанага жазыныз

    • Анонимно says:

      Соны айтам, психологиялык тургыдан балаларда да ауытку болуы мумкин. Тез шешим шыгарыныз

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар