Алты айлап келмейді: Күйеуі көзіне шөп салатын келіншек не істерін білмей, ел алдына шықты

Әлия есімді келіншек күйеуінің көзге шөп салатынын айтады. Бүгінде отау құрғандарына 5 жылдың жүзі болған. Айтуынша, алғашқы бір жылда бала көтере алмағандықтан, күйеуі бөтен әйелдермен "жүре" бастаған. 

Алты айлап келмейді: Күйеуі көзіне шөп салатын келіншек не істерін білмей, ел алдына шықты

Бұл туралы 7-арнаның "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

"Арасында ішіп тұрады. Ұрмайды. Көзіме шөп салады. Басында бірнеше рет ұстап алдым. Кешірім сұрады, бірақ қайта бастады", - дейді Әлия.

Бір қызығы, Әлиядай келіншектің күйеуінің есімі - Мәншүк. Оны жасырмай айтқанымен, ол жүзін көрсетуден бас тартып, ел алдына бетперде киіп шықты. Себебі мұнысын күйеуі мен туыстарының білгенін қаламайды. Тек елден ақыл-кеңес сұрап шыққан. 

Ол 20 жасында тұрмысқа шыққан. Қыз бен жігіт болып жүргенде ештеңесін білдіртпеді, дейді.

"Үйден кеткен кездері болды. 6 айға дейін қыздардың соңынан кеткен кезі болды.

Көп сөйлеспейміз. Үйге қажетті заттарды өзім алып келемін. Ол тек квартираның ақшасын төлейді. Басқа қызды жақсы көремін деп кетіп қалады, сосын айналып қайта келеді", - дейді амалы таусылған Әлия.  

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр