Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«ALTEL» байланыс операторын айыптаған қазақстандықтар наразылық танытты

«ALTEL» байланыс операторын айыптаған қазақстандықтар наразылық танытты. Бір айға абоненттік төлем жасаған жұрт интернет желісін небәрі екі-үш күн қолданғанымыз үшін әр қайсымыздан төрт жарым теңгені қағып алды дейді. Бұған дейін 4G лимитсіз тарифын қолданған тұтынушылар аталмыш компания елге ескертпей тарифті өзгертті деп өкпелі,- деп хабарлайды 31 арнасы.

IMG_3462-700x467

Фото: Уральская неделя

ALTEL-дің алдында айғай шу. Интренетсіз қалған қазақстандықтар ALTEL-дің Астана, Орал, Тараз қалаларындағы кеңселеріне барды. Дау басына 4G лимитсіз интернет тарифінің өзгеруі себеп.

«Мына кісілердің бәрі АЛТЕЛ компаниясына алданғандар. Арыздары. Осы арыздың бәрін қалалық прокурорға жазып жатыр. Өйткені барлықтары 4500 теңге төлеген. Бір айға деп. Алты күн, бес күннен кейін барлығының тарифі өшіп жатыр», – дейді Тараз қаласының тұрғыны Жәнібек Салабеков.

4G тарифі тоқтатылғалы «ALTEL» байланыс операторына базынасын айтуға келгендердің қарасы қалың. Ашулы топтың айтуынша тарифтің өзгеретінін білмеген. Жайшылықта жаңалығын жар салып жарнамалайтын компания, клиент жинап алған соң тарифті тоқтатып, онысын елге ескертпеген дейді. Бүгінде мәселенің мән жайын білу оңай болмады.

Таң сәріден басшылықты күте аяғынан тік тұрған тұрғындарға директормен тек түстен кейін ғана жүздесудің сәті туды. Анығы, кабинетіне баса көктеп кіріп сұрақтарын төтесінен қойды.

Қалай болғанда да бұған дейін бір айлық абонентттік төлемі 4500 мың теңге болған 4 G лимитсіз интернеттке ақша құйған жұрттың ақшасы қайтпайтын болды.

«Арада үш күн өтеді. 4500 теңгесі күйіп кетеді. Енді олардың ақшалары қайта ма?» деген сұрауға ALTEL АҚ Жамбыл филиалының директоры Сәуле Суликова жауап берді.

«Қайтпайды. Өйткені олар жаңа тариф бойынша бір сағатта-ақ берілген гб-ты бітіріп тастауы мүмкін. Мәселен ол төледі үйіне барды 30 гб қолданылғанына байланысты бір сағатта оның интернеті бітіп қалады»,- дейді ALTEL АҚ Жамбыл филиалының директоры Сәуле Суликова.

“Қазір біздің филиал жабылып жатыр. “Теле-2″ филиалымен бірігеміз. Ендігі лимитсіз интернет болмайды. Бүгінгі күннен бастап бізде жаңа тарифтер пайда болды: 35 гигабайт Интернет 5800 теңге, 25 гигабайт Интернет 4200 теңге, 15 гигабайт интернет 2650 теңге тұрады”, – деп жауап берді ALTEL АҚ  Орал қаласындағы филиалының сату бөлімінің менеджері Қайырболды Сайлауов.

Тариф өзгергенін ескертпеді деген ел жағдайды бұлай қалдырмаймыз дейді. Соңғы соқыр тиынымызға дейін қайтармай қайтпаймыз деген көп арыздарын прокуратураға жолдап қойды.

Талқылау