Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Альпинистер Алматы облысының тау бөктерінен қар адамын байқаған

Қазақстанда қар адамын көрдім дегендер бар. Бірнеше жыл бұрын альпинистер оны Алматы облысының таулы аймағында байқаған деседі.

95687f542438238d4fb26cdd636c7388_L

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Жабайы адамды кездестірген шаңғышы Сергей Юшковтың айтуынша, оның бойы 3 метрге дейін жетеді. Алайда бұл оқиға түнде болғандықтан, оның бет-жүзін дұрыстап көре алмаған. Мұндай көрініске куә болғандардың бірі – жануартанушы Александр Жданко. Оның айтуынша, кезінде қар адамы Іле Алатауында жүрген туристер тобына бас салыпты. Оның сөзіне сенсек, саяхатшылар қар адамының ақырған дауысын естіген.

-“Сағат түнгі 22:00 шамасы болатын. Ай да жарық еді. Сондықтан, айнала алақандағыдай көрініп тұрды. Бір сәтте біреудің көлеңкесін байқадық. Адамға ұқсайды, бірақ өте ірі. Көлеңкені көргенде орнымызда тұрып қалдық. Бар-жоғы 2-3 секунд көрінді де, жоқ болды”, – дейді шаңғышы Сергей Юшков.

-“Құлақ түріп тыңдасақ, адамдардың дауысы естілді. Бізге біреу жақындап келе жатқандай болды. Әр қадамын ауыр басады. Сол сәтте не істерімізді білмей, тыпыр етпей жаттық. Қорқыныштан не істерімізді білмедік. Біз тіккен шатыр ол жүрген жолдың шетінде болды. Бірақ, шатырға келмеді. Тауға қарай кетіп, жоқ болды”, – дейді жанартанушы Александр Жданко.

Қар адамы туралы сыбыстар алғаш рет 50-ші жылдары шыға бастады. Сол кезде көптеген басылым Гималай тауына шыққан альпинистердің жұмбақ тіршілік иесін кездестіргені туралы жарыса жазған. Кейін оны бұрынғы Кеңес Одағының тауларынан да кездестіре бастады.

1954 жылы ағылшындық Daily Mail газеті осы қар адамын іздеуге арнайы экспедиция шығарды. Алайда олар іздегендерін таппады. Араға бірнеше жыл салып қар адамының ізін кесуге бұрынғы Кеңес Одағы Ғылым Академиясының экспедициясы да аттанады. Алайда олар да жұмбақ тіршілік иесінің бар екенін дәлелдейтін ешбір айғақ кездестірмеген. Қар адамының өмірде бар екенінің дәлелі ретінде 1967 жылы Роджер Паттерсон мен Боб Гимлиннің Солтүстік Калифорнияда түсірген фильмі ғана саналған. Бірақ 2002 жылы ондағы оқиғаның ойдан құрастырылғаны анықталды.

Дегенмен жабайы адамның ізі немесе оның бар екенін растайтын заттардың табылғаны туралы мақалалар басылым беттеріне жиі шығады. Бірақ осы күнге дейін қар адамының бірде-бір сүйек қаңқасы, тері қалдығы сынды ештеңе табылмаған. Ал оның шашы, ізі немесе сапасы төмен фотосуреттер мен бейнероликтер жетерлік. Түсініктерге қарағанда қар адамының дене пішімі адамға ұқсас және жердің орманды немесе таулы бөліктерінде өмір сүреді. Сондай-ақ ол байырғы заманнан осы күнге дейін сақталған приматтар қатарына жататын адам тектес сүтқоректі деген түсінік бар.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалым қар адамы мен оның баласын таспаға түсіріп алды (видео)

Талқылау