Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыта «Рамстор» сауда үйінің орнына заманауи бизнес орталық салынады

Алматыдағы «Рамстор» сауда үйінің орнына бизнес орталық пен ойын-сауық кешені салынады.

20160729174244

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
25 мың шаршы метр жерде кеңселер, сауда нүктелері мен мейрамхана, супермаркет, сондай-ақ гүл бағы бар аула салынады деп жоспарланған. Әлем елдеріндегідей барлық сұранысты қамтамасыз ететін жаңа «street retail» форматындағы дүкендер салынатын болады. Онымен бірге жерасты автотұрағы салынбақ.

Жоба концепциясы Сауда үйін әкімшілік  ғимараттар мен шоппинг жасауға, әрі «Грин» стандарты негізінде қызмет көрсетуге негізделген.

Ғимарат құрылымына 15 миллион доллар көлеміне қаражат жұмсалады. Объектіге 2000 алматылықты жұмылдырылады. Ғимарат құрылысы қыркүйек айынан басталып, 2017 жылдың бірінші жарты жылдығына дейін аяқталуы тиіс.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада пойыздар ішіне кіріп тоқтайтын, 12 миллион адамға арналған вокзал құрылысы аяқталуға жақын

Алматыда 4 қабатты дөңгелек шыны үй салынады (фото)

Астанада әлемдегі ең бірінші шатырында километрлік жүгіру алаңы бар үй салынбақ

Талқылау