Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының пәк қыздары желіде бүркеншік атпен топ ашып алған

Қазақстанда пәк қыздарға ынтық жігіттер көп. Таза қызбен бір түн өткізуді армандайтындар өздерінің жаңа құрбандарын іздеуде. Бір түн үшін олар пәк қызға қомақты сомма беруге дайын. Ал адалдықты жанына серік еткен нәзік жандылар олардан тығылып жүруге мәжбүр. Тіпті, пәктікті қадірлейтін қыздарды жинау үшін олар әлеуметтік желіден арнайы топ ашып алған, тек бүркеншік атпен.

девственность-200217

Бұл туралы Экспресс-К жазды.

Динара М., 23 жастағы Атырау тұрғыны жоғарғы оқу орнын бітірген білікті маман. Бүгінде ол ірі компаниялардың бірінде жұмыс істейді және берік отбасын құруды армандайды. Оның пайымдауынша, тұрмысқа шыққанға дейін қыздар жыныстық қатынастың не екенін білмеуі тиіс. Қазақстанда және ТМД-да Динараның пікіріне қосылатындар көп. Ол әлеуметтік желіде арнайы топ ашып, ақ фата мен пәктікті ту еткендердің басын біріктірді. Бір қарағанда, оның өмірлік ұстанымы тамсануға тұрарлық секілді көрінеді. Алайда бұл топ қатысушалары жаман атқа қалды. Енді бұл виртуалды топқа тек біреудің кепілдемесімен кіруге болады.

«Алдымен біз «Алматының пәк қыздары» атауымен желіде топ аштық. Өкінішке қарай, менің бұл ойымнан түк шықпады, пәк қыздар жаман атты болды. Біздің топқа бірыңғай бұзылған әрі арсыз жігіттер кіретін болды. Олардың бірі қыздардың ар-намысына тиетін сөздер жазса, екіншілері ұятсыз ұсыныстар жасады. Тіпті, тобымызға қосылуды шектеп қойсақ та, бұл жайт олар үшін қиындық туғызбады. Ғаламтордағы парақшамызды талай рет бұзып алды, ал одан кейін біздің қатысушылардың суреттері секс-танысулар сайтында жүретін. Сондықтан стратегияны түбегейлі өзгертуге тура келді. қазір топтың атауына қарап, біздің нені көксейтінімізді ешкім біле алмайды. Енді біз тағамдардың дайындау әдісімен бөлісетін топқа айналдық. Бірақ осындай қадамға мәжбүрліктен барғанымыз қынжылтады. Біз ұятты нәрсе жасаған жоқпыз ғой, алайда алапесерлер секілді елден тығылып жүрміз. Біз мектеп жасындағы қыздармен арнайы сын сағаттарын өткізуге дайынбыз, онда біз қыздарға тойға дейін пәктікті сақтаудың маңыздылығын түсіндірер едік», – дейді Динара.

– Ендеше мектепке барып, жоғарғы сынып оқушыларымен кездесуге не кедергі?

– Біз бірнеше рет талпыныс жасадық, алайда тағы да мақсатымызға жете алмадық. Біз ұсынған тақырыпты «ұятсыз» әрі «ерсі» деп бетімізді 5 рет қайтарды. Ол аз десеңіз, қазақ мектебінің бір директоры бізбен сөйлескеннен кейін есінен танып қала жаздады. Ол маған жеңіл жүрісті қызға қарағандай қарады. Мені, тіпті, оқушы қыздарды азғындап жатыр деп айыптағандар да табылды.

– Ал жоғарғы оқу орындары ше?

– Ол жаққа барудың өзі тым кеш. Заманауи студент қыздар темекі шегеді, ішімдік ішеді, былапыт сөздер айтып, құрбыларына өткізген «ынтыққа» толы түндері туралы әңгімелейді. Бұл өзі шектелген орта болды: мектеп оқушыларына ақыл айтуымызға рұқсат етілмейді, ал студенттерге біздің кеңестеріміз қажет те емес. Ал нәтижесінде жастай ана атанған бойжеткендер жаңа туған сәбилерін қоқысқа тастап жатады.

– Әлеуметтік желінің өзінде есімдеріңізді жасырын ұстасаңыздар, мұнымен не өзгерте аласыздар?

– Асықпаңыз, біздің уақытымыз келеді. Біздің топта «Жас Отан» жастар қанатының белсенді қыздары да бар. Солардың бірінің депутат болуы үшін біз барымызды саламыз. Сол кезде бұзылған қыздарға соғыс жариялаймыз.

– Меніңше, сіз өзіңіз депутат болуыңыз керек.

– Қарсылығым жоқ. Ондай жағдайда жұмысымда неден бастар едім, білесіз бе? Бүкіл республика аумағында болашақ келіндер клубын ашып, «Шектеусіз келін» сайтын ашар едім. Пәктік – ол алғашқы неке түнінде заңды жарыңа ғана берілетін Құдайдың берген сыйы.

Татьяна АЛАДЬИНА

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанның бірнеше облысында республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды

Қостанайда жоғалған әйелді күйеуі, досы мен күйеубаласы өлтіргендерін мойындады

Павлодар облысының әкімі Наурыз мейрамын сәуір айына ауыстыруды ұсынды

Жамбыл облысында қар көшкінінен қаза тапқан әскерилермен қоштасты

Талқылау