Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының мың жылдығы туралы ілінген плакаттан қате табылды

Алматылықтар қаланың мың жылдығына арналған плакаттан қате тапты. Онда “мың” сөзі дұрыс септелмеген.

78_main

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Қате жазылған сөзі бар плакат суретін Фейсбук қолданушысы Оксана Цурик өз парақшасында жариялады.

“Мұнда сан есім мүлде қате қолданылған. Дәл осы сурет басылған плакаттар қаланың барлық тұсында ілініп тұр”, – дейді желі қолданушысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін шетелдіктерге арналған ақпараттық жапсырмалар да қалалықтарды ұятқа қалдырған еді.

Талқылау